Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚараой ауылдық округі

КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Ақпан айының тоғызыншы жұлдызында  Қараой ауылдық округінің әкімі Таженов Айдос Махсұтұлы ауыл тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Онда округтегі өткен жылғы атқарылған жұмыстар мен 2022 жылға арналған жоспарлар сөз етілді.

Жиында «Өңірлерді дамыту» жобасы бойынша округте 15 көше жарықтандырылып, 420 шам іске қосылып, оның ішінде Қосөзен ауылындағы 3 көшеде – 65 шам, Нұрғиса Тілендиев ауылындағы 3 көшеде – 102 шам,  Қараой ауылындағы 8 көше мен саябақта – 204 шам орнатылғаны жөнінде айтылды. Елдімекендерді абаттандыру мен көгалдандыру ша-ралары негізінде Қосөзен ауылы «Жильников» көшесіндегі балалар  ал-аңдарын қайта жаңарту жұмыстары «Базаркуль» жеке кәсіпкерлігімен –  келісім-шарт жасалу арқылы жүзеге асты. Округтің көгалдандыру жұмыстарына «Кайнар и К» ЖШС-нен шарт бойынша бірнеше жұмыстар атқарғандығын аң-ғардық. Айдос Махсұтұлы округтегі билборд пен баннерлерді орнату жұмыстарын «ILIM Technology» ЖШС бірігіп атқарғандықтарын мәлімдеді. Қараой ауылдық округінің санитариясын қамтамасыз етуде «Қайнар и К» ЖШС белсенділік танытты. Округтегі елдімекендерді, скверлерді, саябақтарды, жаяу жолдарды, алаңдарды, аялдамаларды, ҚТҚ полигонына шығару арқылы қоқыстан тазарту, санитарлық кесу, шөп шабу, рұқсатсыз пайда болған қоқыс үйінділерін жою жұмыстары «РСУ» ЖШС бірлесіп оң шешімін тапты.

«Бүгінгі күнде Қараой ауылында – 1678, Н.Тілендиев ауылында – 579, Қосөзен ауылында – 511 үй газдандырылған.  «Алма» саяжайында – 66, «Дорожник» саяжайында – 93 үй газдандырылды, жұмыстар әлі де жалғасуда.

Округте 3 дәрігерлік амбулато-рия  және Н.Тілендиев ауылында фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Н.Тілендиев ауылында күніне 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория 2021 жылы іске қосылды. Қосөзен ауылында штат бойынша – 17 адам, Н.Тілендиев ауылында – 18 адам, Қараой ауылында – 39 адам тұрғындарға медициналық қызметтерді көрсетеді. 2021 жылы ауылдық округ бойынша 104 қылмыс тіркеліп, оның ішінде 77 қылмыс ашылған», – деді Айдос Махсұтұлы.

Округ әкімі есептік кездесуінде 2022 жылға  қойылған бірқатар жоспарларымен де бөлісті. Ең әуелі Қосөзен ауылындағы №14 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігі жайлы айтты. Жоспарланған жұмыстардың тағы бірі – Н.Тілендиев ауылының жаңақұрылысында 1 балалар алаңы және 1 спорт алаңын орнату. Осы ауылдағы жаңақұрылыстарға электр желісін жүргізу және көше жарықтарын орнатуға жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу мен №26 орта мектептегі 3 ауысымдық білім беру жүйесін реттеу үшін ауылға жаңа мектеп салу қолға алынады.

Округ әкімінің есеп беру жиынына ауыл тұрғындарымен қатар аудан әкімінің орынбасары Мұрат Бақтыкерімұлы мен жеке кәсіпкерлер, округ белсенділері және  ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Ауыл тұрғындары жер мәселесіне, қаңғыбас иттерге, көшелерді жарықтандыруға, автобустың «ОҢАЙ» бірыңғай  төлем жүйесіне қатысты сауал-дарына осы жиында жауап ала алды.

Айдын Тоқсанов

Басқа жаңалықтар

Back to top button