Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратЖетісу - адалдық алаңыҚоғамРухани Жаңғыру

Қараша Қонысұлы Қараманмен сұхбат

Рухани құндылықтарымызды жастарға насихаттайтын киелі шаңырақ – ол кітапхана. Кітап – адамзаттың сарқылмас рухани қазынасы. Кітаптан алған білім – мәңгілікке сарқылмайтын рухани құнды қазына болып табылады. Осы рухани қазынамызды насихаттауға бағытталған «Bookdating» яғни кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса жобасы аясында Іле аудандық кітапханасы оқырмандарының назарына журналист-қаламгер, «Үздік өлкетанушы», Қаратал ауданының «Құрметті азаматы», бүгінде Іле ауданының орталығы Өтеген батыр ауылының тұрғыны , кітапханамыздың оқырманы Қараша Қонысұлы Қараманмен сұхбат және жазушының «Жолаушы ғұмыр» кітабымен кездесуді ұсынды.

«Ауған асуында» сұхбат

Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың салдарын Қазақстан халқы да сезінді. 18 бен 20 жастың арасындағы өрімдей бозбалалар, яғни 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде, бөтен елде өздерінің Отан алдындағы борышын өтеді. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабар – ошарсыз кетті.

Осы орайда 15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай Іле аудандық кітапханасында Іле аудандық «Ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бесіров Беркін Сайлауханұлымен «Ауған асуында» сұхбат өтті.

                                                                                                                                                     Г.Абильдинова

«Ауған ардагерлері арамызда» кездесу кеші

15 ақпан-Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай,Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында Междуреченск ауылдық кітапханасында «Ауған ардагерлері арамызда» атты  ардагерлермен кездесу кеші өтті.

Кітапханашы    М.Жарылкасенова

Мен бәрінен де көп оқимын” жылдам оқу сайысы

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2022 жылды “Балалар жылы” деп жариялады. Осы орайда Іле аудандық кітапханасында «Оқитын ұрпақ ұлт болашағы» жобасы аясында балалардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру мақсатында  бастауыш сынып оқушылары арасында “Мен бәрінен де көп оқимын” атты жылдам оқу сайысы ZOOM платформасында әр сәрсенбі күндері өтуде. 

Байқауға Іле аудандық және ауылдық кітапханаларының оқырмандары, бастауыш сынып оқушылары қатысты. Байқау нәтижесінде Үздік деп танылған оқушылар Облыстық байқауға жолдама алды.

Л.Жабиева

Қоғам және мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Ғасырдың дара перзенті» атты тұлғатану сағаты

  • Биыл аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Д.Қонаевтың туғанына 110 жыл.                           

 Осы орайда Іле аудандық кітапханасында Дінмұхамед Қонаевтың  өмір жолы мен еселі еңбектерін келер ұрпаққа насихаттау мақсатында  «Ғасырдың дара перзенті» атты тұлғатану сағаты өтті.   Шара барысында «Ел бақытын өз бақытым деген ер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Д.Қонаевтың өмірі және еңбек жолынан сыр шертетін видеошолу көрсетілді.

Г.Абильдинова

«Ұлы дала сазы: Роза Бағланова» тұлғатану сағаты

  • Биыл аты аңызға айналған қазақ опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды. КСРО халық әртісі, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қазақстанның халық қаһарманы атақтарының иегері Роза Тәжібайқызы тұтас бір дәуірдің ұлттық символына айналды. Осы орайда, Іле аудандық кітапханасында әнші өнерін дәріптеу, жас ұрпаққа оның шығармашылығын насихаттау мақсатында көпшілік оқырмандардың қатысуымен «Ұлы дала сазы: Роза Бағланова» атты тұлғатану сағаты өтті. Шара барысында әншінің өмірбаяны мен шығармашылығы жайында мағлұматтар беріліп, «Бұлбұл үнді Роза» атты бейнеролик және  арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылды.

                                                                                                                                                                  Ж.Азимханова

Басқа жаңалықтар

Back to top button