Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

Қайта жаңғыру – жаңа саяси бағытқа бейімделу

Қазіргі таңда партия төрағасының Съезде сөйлеген сөзі халық арасында қызу талқылануда. Еліміздің саяси өмірінде өзгерістер кезеңі басталды және бұл біздің қоғамның, қалыптасқан режимнен бөлек, ашықтық, яғни демократиялы бағытта жұмыс істеуімізге жол ашатыны сөзсіз.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев партияның жұмысын қайта жандандыру, модернизациялауды ұсынуының негізінде барлық партиялық органдардың фракцияның, бастауыш партия ұйымдарының, қоғамдық кеңестердің жұмысын жолға қою арқылы халыққа бір табан жақындай түсетінімізді нақтылап берді.

Алдағы уақытта партия өз қызметінің барлық бағытын – құрылымын, Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракциялардың жұмысын, халықпен кері байланысты, жастар саясатын, партиялық бақылауды, сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруды, ішкі партиялық тәртіпті, азаматтық қоғам институттарымен жұмысты өзгертетін болады.

Партияның бірінші кезектегі міндеті — кері байланысты күшейтіп, халықпен жұмысты жандандыру. Сондай-ақ қоғамдық қабылдаулардың жұмысын қайта жаңартып, халық үніне баса назар аудару, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру, партияның белсенділігін күшейте отырып, тиімді кері байланыс беру арқылы халқымыздың жағдайын жақсартуға арналатыны сөзсіз.

Съезде Партияның қазақстандық қоғамның сұранысына сай жаңғырту жұмысын жаңаша жоспарлау керектігі айтылды.

Атап айтқанда:

– Бастауыш партия ұйымы жетекшілерінің жұмысына рейтинг жасау;

– Төлеп жатқан жарнамыздың 20%-ның сол бастауыш партия ұйымына тиесілі болуы;

– Ол жарналар партиялық жобалардың іске асырылуына жұмсалатындығы;

– Партия жанындағы саяси менеджмент мектебінде қайта даярлау өткізу;

– Партия базасында проблемалық және өзекті мәселелерді көтеретін диалог орнату;

 Барлық деңгейдегі депутаттардың жұмысын бақылау және сайлау алдындағы уәделерін орындау орталығының құрылып, билік пен партия, халық арасындағы жаңаша диалог орнайтындығы баса айтылды.

 Ауданымыздағы партия жұмысын жандандыру жолында өз ұсынысымды білдіре кетсем:

– ауданымызда партия жұмысын жоғары деңгейде жасап жатқан өте тәжірибелі бастауыш партия ұйымдары бар. Сондай бастауыш партия ұйымдарымен кездесу, семинар өткізіп, пікір алмасып, өзекті мәселелерді көтеріп, талқылауды жүйеге қою;

– Аудандық бастауыш партия ұйымдарын біріктіріп, үлкейтіп партия топтарын құру;

– Бастауыш партия ұйымдарына арнайы бөлмелер бөлу;

– Ауылдарда халықпен жұмыс жасап, партияны қолдайтын топтар құру;

– Партия ардагерлерінің өз тәжірибиелерімен бөлісу семинарларын жүйелі қою;

– Партияға қабылдау талабын күшейту;

– Жергілікті жерде көше комитеттерін құру;

– Ауылдық кеңестерді сайлау жұмысын жандандыру;

 Ауыл кеңестерінің жанынан жастар кеңесін құрып, бірігіп жұмыс жасай отырып, халықпен кері байланыс орнату арқылы партия беделін көтерсек деген ойым бар.

Облыс мәслихатының депутаты ретінде бұл тарихи өзгерістің мәні де, мағынасы да зор екенін атап өткім келеді. Алдағы уақытта халықпен бірлесе отырып, жаңа бетбұрыстарға толы міндеттерді адал атқарып шығамыз деген үмітім зор.

Гүлжан Ерубаева,

   Алматы облысы мәслихатының депутаты

Басқа жаңалықтар

Back to top button