Алматы облысының жаңалықтарыБез рубрикиҚоғам

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген  «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;

2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;

4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау болып табылады.

2. Конкурсқа өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар (бұдан әрі – үміткерлер) қатысады.

3. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді қатысады (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.

4. Мыналар:

1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;

2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.

Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі жыл сайын салтанатты түрде Отбасы күні қарсаңында өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін байланыс тел: 87275230584 8-7781760473 хабарлассаңыздар болады. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button