Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Мерейлі отбасы — мықты мемлекеттің тұғыры

  

 

 

 

 

 

Ұлт болашағының ең басты тұғыры, ең басты іргетасы — отбасы.«Отан отбасынан басталады» деген сөздің де түп-төркіні осы. Ұлттың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын,тұтастай алғанда ұлт болмысын сақтайтын ең басты «қойма», оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, уақыт пен кеңістіктен аман сақтап, келешекке аманаттап тапсыратын әлеуметтік орта да — отбасы. Олай болса, отбасы-кез-келген мемлекеттің, кез-келген халықтың- бүгіні мен болашағының бүтіндігінің кепілі. 

Қазақ отбасы құндылығына ертеден-ақ ерекше мән берген. «Отбасының өнегесі — Отан өнегесі», «ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «ұяда не көрсең,  ұшқанда соны ілерсің», «әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», деген сияқты мақал-мәтелдер соның айғағы. Яғни, ұлтты өзгеден ерекшелеп, оның болмысын сақтауында отбасы ролі бірінші орында екен.

Соңғы жылдары қоғамда отбасы құндылығы құлдырап бара жатқаны ақиқат. Ұлт тамырына балта шабатын бұл дертке тосқауыл қою үшін мемлекеттік деңгейде түрлі шаралар өткізіліп жатыр. Ұлттық қодты, ұлттық мәдениетті сақтаушы негізгі орта — отбасы екенін тағы айтуымыз керек.

Мерейлі отбасы болудың үш діңгегі бар — қандай қиын жағдайға қарамастан шаңырақты шайқалтпай, балаға жақсы тәлім-тәрбие бере білу.   Өздеріңізге мәлім  2013 жылы Қазақстан Республикасы  Президентінің «Қазақстан Республикасындағы  кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы  Заңға сәйкес, қыркүйек айының  екінші жексенбісі «Отбасы» күні болып бекітілген болатын. Жыл сайын бұл жобаға  халықтың қызығушылықпен қарап қатысып жатқанын көріп отырмыз. Қараой ауылдық округінің Аналар кеңесінің төрайымы ретінде жыл сайын бұл байқауды айтарлықтай жоғарғы деңгейде өткізуге тырысамыз.  2019 жылы округімізде өткен «Мерейлі отбасы » байқауында өз ортасында береке мен бірлігі жарасқан шаңырақ ретінде белгілі Тыллаевтар отбасы бас жүлдені жеңіп алған болатын. Әр жыл сайын округімізде қатысушылар саны артуда мұның өзі –біздің  қоғамға  отбасы құндылығын дәріптейтін, үлгі көрсететін  ерекше жобаға  айналғанын көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button