Алматы облысының жаңалықтарыБасты ақпаратЗаң және бізҚазақстан жаңалықтарыҚоғамМерекелерТұлға

Сот – мемлкеттік биліктің бір тармағы

24 маусым — соттар күні                                     

Саяси жаңғыру – жемқорлықтан арылу

Сот — мемлекеттік биліктің бір тармағы болғандықтан бұл сала қызметкерлеріне қойылар міндеттер жоғары жауапкершілікті талап етеді. Соның бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болса мемлекет 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң» қабылдады. Әр жыл сайын оған жаңаша көз қарас қалыптасып, өзгертулер, толықтырулар, енгізілді. Атап айтсақ, 2014 жылы «ҚР 2015 — 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданды. Бұл сот пен мемлекеттік биліктің бірлесіп, еліміздегі «алаған қолым береген» немесе бармақ басты, көз қысты» сияқты жымысқылыққа батыл тойтарыс қоюда.

Өйткені, басқа басқа сыбайлас жемқорлық сот төрелігін жүзеге асыруға үлкен кедергі болып, халықтың сотқа деген сеніміне елеулі нұқсан келтіреді.

Бұл орайда Президент Жарлығымен 2022 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасының 2022 — 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы мен жүзеге асыру шаралары нақтыланды. Яғни, бұл «Smart –com» жобасы. Бұл, сот ісін жүргізуде жасанды интелект енгізу яғни цифрлық талдама бөлігін дамыту болып  табылса, электронды сот  төрелігі – олардың басты басымдылығы болып табылады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан — ақ сот — мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде сот төрелігі процестерді ізгілендіру, гуманизация мәселесін алға шығарудағы медиациялық әдіс игілікті іске айналып келеді. Бұл дегенміз, қандай да даулы істерді халқымыз жасы үлкен дана биге де, ақылы асқан бала биге де бағынып, бір ауыз сөзге тоқтап, мәмілеге келіп отырғаны көне тарихымыздан ежелден белгілі. Мысал ретінде Тайкелтір шешеннің бала кезіндегі билігін айта кетейік.

Төлеби бабамыз бала Тайкелдірдің шешендігіне, тапқырлығына өзімнің де, өзгенің де көзін жеткізейін деп қонақ үйдегі екі жігітті таласып жүрген ер — тұрманымен осында әкеліңдер,– дейді. Олар келген соң Төле би  Тайкелтірге балам – мына ертоқымға екеуі талас, бұларға тоқтарлық бітім айтып екеуінде риза етші,- дейді Төле.

  Тайкелтір бала тосыннаи айтылған сөзге қобалжып, бөгеліңкіреп барып кереге басында ілулі тұрған Төленің тобылғы сапты қамшысымен ортадағы ерге жақындап келіп жүгініп отырып, жан — жағындағыларға барлай қарап:

Қасың қайың, қапталық тал, Қалмамбет соққан бір ерсің. Үйсін, Жаныс екеуің, бір ерге қалай мінерсің,– деп алдындағы ертоқымды қамшымен тартып — тартып жібереді де, есік алдында  тұрған Төле бидің жігітіне: — Мә, осы ерді беремін, ие болып мініп жүр,– дейді.

   Екі жігітке: — Қалай менің айтқаныма ризасыңдар ма, жоқ па? — деп сұрайды бала.

— Ризамыз, төреңе құлдық, егер ер бірімізге тисе екіншіміздің өкінішіміз өмір бойы кетпейтін еді, дұрыс жасадыңыз билігіңізге ризамыз, ерді Төле атамның жігіті — ақ мініп жүрсін деген екен.

Рас адам баласы өмір сүрген қоғам даусыз болмайды. Мұндай құбылыстарды реттеу мәмілемен, дау –дамайсыз шешілуімен құнды. Осыған орай соңғы жылдары елімізде медиация институтын дамыту, сотқа дейінгі және соттағы татуласу рәсімдерін жандандыру жүйелі түрде жүргізілуде.

Бабалардан мұра болып қалған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз дей келе мемлекет басшысы қазаққа осынау ұлан — ғайыр жерді сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі   тарихымыз 1991 жылмен 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз   Қазақ хандығы кезінде де одан арғы Алтын орда, Түрік қағанаты, Ғұн, Сақ дәуірінде де осы жерде өмір сүрген, өсіп — өнген деген болатын. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген мақаласында. Шындығында жыл басында болған қаңтар оқиғасы — ұлттық қауіпсіздігімізге үлкен қатер төндірді, қалыпты өмірімізді түбегейлі өзгертті.

Осы тұрғыда мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстанды» құру үшін түсінікті әрі әділ мемлекеттік саясат жүргізілуі керек. Бұл саясат санасыз шенеуініктердің жөнсіздігіне жол бермейді. Өйткені, жастар бастықтар мен ауқаттыларға жақын жүретін түрлі алаяқтардың, жемқорлардың шалқып өмір сүріп жатқанын көріп отыр. Тіпті соларға қарап бой  түзейтін болды. Қоғамда табысқа жетудің төте жолы осы деген түсінік орнығуда. Осының салдарынан жақындарына да, мемлекетке де масыл болуда. Өзіне жәрдемақы мен жеңілдік талап етіп, алақан, жаюдан арланбайды, тіпті жергілікті билікке қоқан — лоқы көрсетуденде тайынбайды, — дейді.

Енді осындай көптеген жүгенсіздікті ауыздықтау үшін Президент биылғы Жолдауында құқық қорғау институттарын күшейту мәселесіне ерекше  тоқталып, Конституциялық кеңкесті Конституциялық сотқа алмастыру туралы бастама көтерді. Мұндағы басты мәселе заң үстемдік ететін құқықтық мемлекет құру қарапайым халықтың сот билігіне сенімін арттырудан көрінеді. Бұл орган заңға көз жұма қараған жоғары лауазым иелерінің қаулы — қарарларын жоққа шығарып, өздерін жауапқа тарта алады. Ал бұған дейін елдегі құқық нормаларына кәсіби баға беріп, түсіндірме жұмыстарына жүргізумен Конституциялық кеңес айналысып келген. Алайда бұл орган қарапайым азаматтардың талап –тілегін уәжесіне құлақ аспады.

Жалпы еліміздегі сот жүйесі үшін Конституциялық сот ұғымы таңсық жаналық емес. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанда құқықтық-нормативтік актлердің Конституцияға сай келетінін қадағалайтын Конституциялық сот болды. Алайда бұл сот  таратылып, 1995 жылы оның орнына қазіргі Конституциялық кеңес құрылды. Бұл органға 2019 жылдың 23 сәуірінде қазіргі Президент Конституциялық кеңес мүшелерінің көмегіне жүгінген. Бұл жолы Кеңес мүшелері мемлекет басшымсына шетелдік мекемелерде, халықаралық ұйымдарда қызмет еткен президентке кандидаттық Қазақстанда тұру талабына қатысты құқықтық баға берді. Конституциялық кеңес мемлекет атынан дипломат ретінде халықаралық ұйымдарда қызмет атқарылуға жіберіліп, шетелде тұрған азаматтар президенттікке кандидат ретінде тіркеле алатынын дәлелдеді.

Енді әлем елдерінде де әрқилы аталғанымен Конституциялық сот деңгейіндегі органдар азаматтардың  заңды құқықтарын сақтап мемлекеттік мекемелердің, жоғары лауазым иелерінің  Конституцияға әрекет етуіне бақылау жасайды, кейбірінде Конституциялық сот Президенттің қаулы — қарарларының құқықтық күщін жойып, мемлекет басшысының заңға қайшы әрекетін әшкерелеп жатады. Мұндай жағдайлар Молдавада, Украинада Ресейде кездескен болатын.

Ал, алыстағы АҚШ та Конституцияның кеңестік қызметін Жоғарғы сот атқарады. Тарихы XIX ғасырдан басталатын бұл құрылым ел президентке қатысты қылмыстық істерді батыл көтерілуімен ерекшеленеді. Мәселен әйгілі «Уотергейт ісі» бойынша күдікке ілінген Р. Никсонның өзі жоғары соттың айғақтарды ұсыну туралы талабынан кейін отставкаға өтініш жазып, Президенттік лауазымынан бас тартқан екен.

Міне осыған қарап әлем елдерінің тәжірибесінен Коститутциялық соттың заң аллында бәрінің бірдей екенін ұғындыратын құрылым екенін аңғаруға болады. Осылайша «Жаңа Қазақстанды» құру жолында әлемдік тәжірибеге сүйеніп кез — келген азаматтық заң мәселесінде туындаған сауалына жедел, нақты жауап беретін Конституцилық сот құру бастамасы Президенттің ел тілегін еститінін, көпшілікке құлақ асатынын айқындап отыр.

Яғни, сот – мемлекеттіік биліктің бір тармағы болғандықтан Президент бұл органға сеніммен қарап 24 маусым – соттар күні мерекесі деп жуырда жаңа  жарлыққа қол қойды. Олай болса тұңғыш мереке құтты болсын заң қызметкелері!

             Іле аудандық сотының жетекші маманы Дәурен Мұхаметшаров    

Басқа жаңалықтар

Back to top button