Аудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

Оқу парыз – ойлы жасқа

Адамды  адам еткен – кітап деп жатады  расында білім мен ғылымның даму қарқыны белсенді жолға бағыт алған біздің жаңа ғасырда оқу – парыз ойлы жасқа.  Жас ұрпақты кітап оқуға шақыру, кітап оқу мәдениетін жастар арасында жандандыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Іле аудандық білім бөлімі Жаңа толқын жас ұстаздар қауымдастығының ұйымдастыруымен «Оқу парыз – ойлы жасқа» атты ауданаралық сайыс өтті. Оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізуді жоспарлаған Жаңа толқындық жас ұстаздар аталмыш сайысты 1 маусым – балаларды қорғау күнінде жариялап, 1 қыркүйек білім күніне дейінгі аралықта үміткерлердің шығармашылық жұмыстарын қабылдады. Ереже бойынша 4-11 сынып арасындағы оқушылар өзі оқыған кітап туралы қысқаша креативті бейнетаспа түсіріп, көпшілікті сол кітапқа қызықтырып, оны оқуға шақыруы тиіс болды. Сайысқа Іледегі 51 мектептен, онан қалды Маңғыстау, Жамбыл облыстарынан 52 үміткер қатысып соның  іріктелген 30 – ы қауымдастықтың  @ile_zhanatolkyn инстаграм парақшасында жарияланып, қалың оқырман мен қазылар назарына ұсынылды.

Байқауда Кенжебаева Нурсулу Елимбаевна – 39 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Республикалық «Ілияс оқулары – 2022» байқауына жүлдегер шәкірт тәрбиелеген ұстаз, «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 2021» байқауының Бас жүлдегері, филология ғылымдарының магистры, Абильдинова Гаухар Елеусизовна – Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасының кітапханашысы, ауданымызға еңбегі сіңген кітапханашы, Султанмуратова Гульнара Бегиқызы – 9 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қазылық етіп, жүлделі орындарды төмендегідей бөлді:
Бас жүлде – Кенжалы Н. №31 ОМ 7 сынып жетекшісі: Тоқсабаева Назгүл Алматқызы
І орын — Бақыт Ерасыл №38 мектеп — гимназия 6 сынып Жетекшісі: Тілеуқұл Ақмейір Мұхитқызы, Тәшімова Меруерт №20 ОМ 8 сынып Жетекшісі: Ақылова Жанар
ІІ орын — Қожантай Сымбат №24 лицей 10 сынып Жетекшісі : Жандарал Р.Б. , Тоқсанбаева Айнұр Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы «Күйкен ЖББМ» КММ-нің 8-сынып Жетекшісі: Байғабылова А., Нұрланқызы Нұрай №39 гимназия 8 сынып Жетекшісі: Мусаева Б. О. , Мұқан Қарақат №29 ОМ 6 сынып Жетекшісі: Абишева Д. Қ.
ІІІ орын – Жанасыл Томирис №29 ОМ 10 сынып Жетекшісі: Темирбекова Ж. К. , Абдуллахат Роза №4 ОМ 9 сынып Жетекшісі: Жалғасова Х., Қыдырбайқызы Инабат №34 ОМ 7 сынып Жетекшісі: Керуенова Г., Төлеу Сүлеймен №20 ОМ 11 сынып, Жетекшісі: Маликова А. Р. , Умбет Эмира №34 ОМ 7 сынып Жетекшісі: Кысжаксинова Ж. К. Байқау жүлдегерлері аудандық білім бөлімінің құрмет грамоталарымен және құнды кітаптармен марапатталды

Жангабоев Нұрбек Серикбойұлы
Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button