Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыДенсаулықҚоғамСпортТұлға

ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ

Өтеген батыр ауылында орналасқан орталық стадионда баскетболдан «Жастар жемқорлыққа қарсы» атты жастар арасында, «Қос Қанат Жетісу» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып жасөспірімдер арасында шағын футболдан аудандық жарысы өткізілді.

Жарыстың басты мақсаты – ауданда баскетбол және футбол спортын дамыту, жастарды жақсы жолға жетелеу, жастарға түзу жол көрсету, астарды еңбек етуге баулу, жастар арасында жолдастық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, жалпы халықты спортқа тарту.

Аталған жарысқа баскетболдан 8 команда, мини-футболдан  7 команда қатысып, жарыстың командалық есеп қорытындысы бойынша І орынға «Боралдай» командасы, ІІ орынға «Байсерке» командасы, ІІІ орынға «Жетіген» командасы ие болды.

Сонымен қатар, жүлделі орынға қол жеткізген командалар мақтау қағаздарымен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.

 Ж. Қабдікәрімов,

Іле ауданының ішкі саясат, мәдениет,

тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы

Басқа жаңалықтар

Back to top button