Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғамӨндіріс және кәсіпкерлікТұлға

Қызметтер сапасы басты назарда

Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы  облысы бойынша департаменті жанындағы арнайы талдау тобының жұмыс жоспарына сәйкес аудандағы мемлекеттік қызмет ұсынатын жергілікті атқарушы органдарына мелекеттік қызметтердің сапасын арттыру, қызметтерді оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау мақсатында зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу барысында аудандық сервистік әкімдік, Энергетический ауылдық округі әкімі аппаратында орналасқан ашық әкімдік ғимараттары талаптарға сәйкес екендігі анықталды.

Дегенмен өткен жылы аудандық кірістер департаментіне айтылған сын бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус талаптарға сәйкестендірілмеген. Бұл  туралы аталған мекемеге талдау парақшасы толтырылып, ескерту жасалды.

Сонымен қатар құрылыс, сәулет және қалақұрылысы, жер қатынастары мен ауыл шаруашылығы бөлімдері және халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараттарындағы кейбір кемшіліктерді талаптарға сәйкестендіру туралы ұсыныстар берілді.

Айта кеткен жөн аудан әкімі жанындағы арнайы мониторингтік топ  алдағы уақытта барлық мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердегі тұтынушыға жасалған жағдайды бақылау мақсатында тұрақты түрде зерделеу жұмыстарын жүргізетін болады.

Өз тілшіміз

Tags

Басқа жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close