Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратЗнай нашихҚоғамТұлға

ЖАЛЫҚТЫРМАЙТЫН КАДРЛАРЫ САҒЫНЫШПЕН БАУРАП АЛАДЫ

Боралдай ауылдық балалар кітапханасында «2022 жыл  – Балалар жылы» аясында   балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің жарық көргеніне  65 жыл толуына орай  «Балалар әдебиетінің бағбаны» атты әдеби вернисаж өтті. Іс-шара қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ойларын көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту, Жазушының шығармалары арқылы жас оқырмандардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке, адалдыққа шақыру мақсатында ұйымдастырылды.

Шара барысында арнайы ұйымдастырылған дәстүрлі кітап көрмелерімен қатар көрме инсталляциялары мен «Шебер қолдар»  үйірмесінің шығармашылық жұмыстары таныстырылды.

Кітапхананың жас оқырмандары №39 мектеп-гимназиясының 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен  «Қожаның монологы» оқылып,  «Менің атым – Қожа» повесінен сахналық көрініс қойылып,  қазақ ақындарының өлеңдерінен әдеби монтаж ұйымдастырылды.

 Іс-шараға Алматы облыстық әмбебап кітапханасының директоры Ғ. Тоқабаева, «Іле ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ бас маманы Ж. Қасымханова, Боралдай ауылдық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы А. Ахметжанқызы, зиялы қауым өкілдері, кітапхана қызметкерлері қатысты.

Жазушының аталмыш шығармасына тоқталып өтер болсақ, повесь 1957 жылы жазылып, оқырмандарына жол тартады. Ал, қаламгердің қызы Самал Соқпақбаева тегіне тартып, елдің аударма ісіне көп еңбек сіңірді. Самал әке мұрасын ардақтап, оның шығармалары орыстілді оқырмандармен қауышуы үшін Бердібек Соқпақбаевтың талай шығармасын орыс тіліне аударды. Бұл туралы Самал Бердібекқызы: «Менің атым Қожа» повесін әкемнің көзі тірісінде аударып, өзіне көрсеттім. Бұл менің алғашқы аударма жұмысым, шығармашылығымның бастауы еді. Әкем аударманы ұнатып, жазған еңбегімді қабылдады. «Балам, шығармашылық жолымен жүре бер, қолыңнан біраз нәрсе келеді» деген әкемнің лебізі бар», — деп толғанады. Бердібектің осынау ғажайып туындысын қызы Самал орыс тіліне аударса, қазақтың мықты режиссері Абдолла Қарсақбаев 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен повестің желісімен «Менің атым – Қожа» атты фильмін түсірді.   Фильм 1967 жылы Францияның Канн қаласында өткен жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде арнайы сыйлыққа ие болған. Сол арқылы жер жүзінің киносүйер қауымы қазақ елінде кино өнері бар екеніне көз жеткізді, сол арқылы Қазақстанның табиғатын, болмысын білді.

Келесі жылы А. Қарсақбаев түсірген киноның жарыққа шыққанына 60 жыл толады. Арада қанша жыл өтсе де фильмнің жалықтырмайтын кадрлары көрермендерін сағынышпен баурап алады. Ендеше жазушы Бердібек Соқпақбаев пен кинорежиссер Абдолла Қарсақбаевтың ақылды тентек Қожасы мен оның айналасындағы кейіпкерлердің тұғырға қонған бейнелерін Елордадан қарсы алайық!

Б. ЧОЙБАСОВ

Tags

Басқа жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close