Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратДенсаулықҚоғамТұлға

Ауылда кикбоксингті дамытсам деймін

Іле ауданы кіл мықтылардан тұратынына тағы бір көз жеткізу үшін шалғай жатқан Ақши ауылымен тағы бір мәрте таныстық. Онда аты енді ғана танылып келе жатқан отызда орда бұзар жасы бар кикбоксинг шебері  Достанов Нұрберген Жұмабайұлы атты кейіпкерімізбен таныстық. Кикбоксинг дәл біздің ауданда кенжелеп болса да аракідік спорт клубтардан бой көтеріп, ақырындап дамып келе жатқан спорт саласы. Шаршы алаңда түпкі санаңмен қоса қол-аяғың қатар жұмыс істейтін кикбоксинг тек ержүрек, тез шешім табатын, табанды жандарға арналған. Міне, сол бір мінезі бар ақшилік Нұрберген Жұмабайұлымен сұхбаттасу бұйырыпты.

Нұреке, алдымен өзіңізді таныстырсаңыз?

– 1991 жылы №7 қаңтарда Алматы облысы, Іле ауданы, Ақши ауылында дүниеге келдім. 1998 жылы Ақши ауылындағы №41 орта мектебіне бардым. 2007 жылы арнаулы орта мектепті бітірдім.  Мектеп кезінде Ақши ауылында секция, үйірмелер болмағандықтан біз тек қана футбол ойнадық. Ол кездерде атақты актер Жан Клод Вандамның киноларын көріп, қорадағы құм толтырылған қапты ұрып-тебетінбіз. Кейін 2007 жылы қыркүйек айында Алматы қаласындағы Қазақ спорт және Туризм академиясына түстім. Колледжімізде спорттың барлық түрлері болды: бокс, күрес, джиу-джитсу спорт түрлерімен айналыстым. Бірақ ол кездері жанұя жағдайымда қаржы жетпей спорт түрлерімен тұрақты айналыса алмадым. Арасында жұмыс істедім. Сөйтіп жүріп оқуды 2013 жылы бітіріп, сол жылы Іле ауданы Ақши ауылындағы №8 орта мектепке жұмысқа тұрдым.  Дене шынықтыру пәні  мұғалімі болып өзім жаттығып жүріп, денемді шынықтырдым. Сол кезден бастап ауылда спортқа қатты қызықтым. Ауылда “самоучка” жасап жүрдім.  Футбол, волейбол спорт түрлерінен мұғалімдер арасында ауданаралық, облыстық жарыстарда бірнеше рет жеңімпаз атандық.

Ауыл балаларының спортқа деген, осы кикбоксинг саласына деген қызығушылығы қалай?

– Жалпы біздің ауылдың балалары спортқа қатты қызығады. Қазір №8 орта мектептен кикбоксинг үйірмесін аштым. Он бес жақсы шәкірттерім бар. Биыл Алматы  қаласына облыс орталықтарына кездесуге барамыз деген жоспарымыз бар. Нәтиже шығаратын уақыт жетті деп ойлаймын.

Қазір спорттан басқа немен айналысасыз?

– 2018 жылдың қараша айынан бастап, Ақши ауылындағы №13 өрт сөндіру бөліміне жұмысқа тұрдым. Ауылдың қауіпсіздігі үшін өрттен сақтау, апатты жағдайдан құтқару қызметіндемін. Қолым қалт етсе, ауыл баларының спортпен айналысуына кикбоксинг спортын дамытуға аянбай еңбек етудемін. Қазір ауылда спортты жақсылап қолға алдым. Өзіме  келсек еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатқан кикбоксингпен айналысып, жеңіске жетіп жатқан қарадомалақ ауыл балалары мотивация  берді. Біздің ауылда ондай спорт түрлері болмағандықтан ауылда өзіміз айналысып жүрдік қой. Кейін 2020 жылы Қаскелең қаласындағы К-1 және  тайский бокс спорт түрімен айналысуды бастадым.  Ол кезде жасым 29-да болатын. Бір жыл айналысып, жақсы нәтиже көрсеттім. Жаттықтырушым Вадим Лопарев, Талдықорған қаласындағы жаттықтырушым Жетісу облысы бойынша кикбоксинг президенті Рахат Егембердиевтер үлкен демеу көрсетті. Ол кісілерге айтар алғысым шексіз.

Алғашқы турнирлерің қалай өтті?

– 2021 жылы Кикбоксингтен Республикалық ауыл ойындары “Ақ бидай” жарысына іріктеу болып, мен жолдамаға іліктім. Чемпионат Есік қаласында өтті.  Қатысушы командалар көп болды. Додада көзге түсіп, іріктеуден кейін Республикалық ауыл ойындары “Ақ бидай” кикбоксингтен Ақтау қаласына бардық. Қазақстан Республикасының 14 облысынан 124 қатысушы келді. Сол жарыста 86 кг салмақ дәрежесінде топ жарып, жеңімпаз атандым.  Одан кейін 2022 жылы наурыз айында Қазақстан Республикасының чемпионаты болды. Ол жарыста Қарағанды қаласының мықты спортшысымен бірінші айқаста кездесіп, жеңілісті де көрдім. Қараша айының 9-12 аралығында болған Қазақстан Республикасы кубогының қола жүлдегері атандым. Қазіргі жетістігім – Спорт Шеберлігіне Үміткермін. Алла қаласа, алдағы уақытта халықаралық дәрежеде өнер көрсеткім келеді.

– Сәттілік тілеймін. Әңгімеңізге рахмет!

А. МҰРАТБЕКҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар

Back to top button