Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыАуыл шаруашылығыБасты ақпаратҚоғамӨндіріс және кәсіпкерлікТұлғаЭкономика

Жайылымға жер бар ма?

Өткен аптада Өтеген батыр ауылы, Іле аудандық партия филиалының конференц-залында «AMANAT» партиясы Іле аудандық Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Онда «Жер Аманаты» партиялық жобасын іске асыру мақсатында пайдаланылмаған және заңсыз алынған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне Іле ауданы бойынша қайтару туралы Іле ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Е. Нұрқасымов баяндама жасап, Іле ауданы бойынша осы уақытқа дейін аудандық ветеринариялық станцияның ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру дерекқор базасында мал басы тіркелмеген көлемі 151 767,772 гектар 400 жер телімдері анықталып, құжаттары Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаментіне шара қолдануға жолданғаны, Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаменті «Қазақстан Ғарыш Сапары» ғарыштық мониторинг және «ИСЖ» мал санын бірдейлендіру ақпараттық жүйелері арқылы 13 субьектіге қатысты 30 661,00 га жер телімдерін анықтап, жұмыстар жүргізуде. Бүгінде жалпы аудан бойынша анықталған 182 428,772 га (151 767,772 +30 661,00) жер телімдерімен жұмыстар жүргізілгені жайлы айтты. Жиында округ әкімдері қысқаша хабарлама жасап, Энергетический, Ащыбұлақ, Қараой, Чапай, Казцик, Жетіген ауылдық округтеріне жалпы аумағы 522,4700 гектар жер телімдері мал жаю үшін аудандық жер комиссиясына ұсынылғаны, Междуреченск ауылдық округіне жалпы аумағы 208,0000 га гектар жер телімдері мал жаю үшін аудандық жер комиссиясына ұсынылып, қарастырлып жатқаны айтылды. Күн тәртиібіндегі мәселені қарап, талқылай келе, Іле аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы шешім қабылдады.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button