Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамТұлға

АРДАГЕРІМ, АМАН БОЛ!

Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің басын қосатын облыстық  ардагерлер ұйымы бар. Ол өз ішінен қалалық, аудандық, округтік ұйымдар болып бөлінеді. Олардың жұмысын ұйымдастырып, әдістемелік  көмек көрсетіп, басшылық жасап отыратын кеңестерде құрылған. Кеңестің мүшелері – ардагерлер, ауылымыздың белсенді азаматтары, аналар кеңесі сынды өмірдің ыстық-суығына төзіп, талай сыннан сүрінбей өткен ақсақалдарымыз бен ақ самайлы аналарымыз. Осындай қоғамдық ұйымның бірі – Іле аудандық ардагерлер кеңесі.

Аудандық кеңес мүшелері мазмұнды, жүйелі түрде ауқымды іс-шаралар өткізіп, облыстық, қалалық кеңестер тарапынан оң бағаға ие болып жүр. Үздіктер қатарында болған соң ба, аудандық ардагерлер кеңесінің іс-тәжірибелерін насихаттау мақсатында облыстық ардагерлер ұйымының қорытынды кештері Іле ауданы, Чапай ауылында өткізілді. Оған облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Е. Тұрымбетов бастаған Еңбекшіқазақ, Талғар, Райымбек, Қонаев қаласы, Қарасай ауданы, Жамбыл ауданы ардагерлер кеңестерінің төрағалары қатысты. Облыстық ардагерлер ұйымының есептік кездесулері Іле ауданында өтуі біз үшін мақтаныш әрі үлкен қолдау деп білмейміз. Ал, шынында 2022 жыл жетістіктерге толы, жемісті жыл болды.

Ардагерлеріміз аудандардағы қоғамдық жұмыстарға, әсіресе, қазіргі буын жастарға қашанда жол көрсетіп, ұлттық болмыс пен құндылықты бойына сіңіре отырып, ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыздың өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, үнемі ақыл-кеңес беруден жалыққан емес. Осындай шаралар барлық аудандарда жоспарға сай бірдей тақырыпта өткізілген.

Өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамыту әрі туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру мақсатында «Баталы ел — көгерер», «Ата-баба мұрасы – ұрпаққа аманат» тақырыбында  қолданбалы өнер көрмесі байқауы, «Өнерім — өмірім» атты өнер байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – жасы үлкен ата-апаларымыздың бос уақытын тиімді пайдалану, қоғамдық ортадағы белсенділігін арттыру, үлкен кісілердің шығармашылықтарын дамыту, көнеден қалған төл өнерлерімізді жаңғырту, туған жер өлкесінің таланттарын таныстыру және шешендік өнерді жалғастыру.

Осы байқаулар арқылы облыс көлемінде ұрпақтар сабақтастығы мақсатында ардагерлеріміз жас ұрпақ тәрбиесіне көбірек араласа бастады. Мектептерде, колледждерде кездесулер жиі ұйымдастырылуда.

«Баталы ер – көгерер» байқауында Іле ауданы бас жүлдені қанжығаласа, «Ата-баба мұрасы ұрпаққа аманат» қолданбалы қолөнер көрмесінде «Үздік суретші» номинациясын иеленді.

Бар саналы ғұмырын еліміздің өсіп-өркендеуіне арнаған ауданымыздағы ардақты ақсақалдарымыздың өмір жолы көпке үлгі. Бұл игілікті бастама келесі жылы да кең ауқымды түрде жалғасын табады.

Байқауда үздік суретші номинациясын КазЦИК ауылының тұрғыны Рақым Шегебаев иеленсе, «Баталы ер – көгерер» облыстық бата сайысында Төле би ауылының тұрғыны Қайрадин Қылышбай ақсақалымыз І орын иеленді.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button