Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратБілім және ғылымҚоғам

«ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАЙЫҚ!»

Құрметті аудан тұрғындары!!!

2022 жылдың қараша-желтоқсан айларында «Іле ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ ана тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында аудан көлемінде «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясын жариялап, көрнекі құралдарға зерделеу жұмыстарын жүргізді. Акцияның мақсаты – аудан бойынша халыққа қызмет көрсету нысандары мен қоғамдық көліктерде, деректемелер мен көрнекі ақпараттарда тіл нормаларының Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес рәсімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету және бұл іске аудан жұртшылығын кеңінен жұмылдыру.

Елінің ертеңі, ұлттық рухтың негізіне айналған ана тіліміздің тағдырына бей-жай қарамайтын әрбір азамат акция барысында бұл шарадан тыс қалмады. Десе де, айтылған ескертулерге, тиісті Заң талаптарына пысқырып та қарамайтын көкелеріміз де бар екен. «Тілі өлген ел – тірі өлген ел» екенін ұмытпайық, ағайын! Тайға таңба басқандай көрініп тұрған қате – өзімізге сын. Ауданымыздағы сауда нысандарының иелері, кәсіпкерлер өткізілген шараға барынша түсіністікпен қарап, деректемелер мен көрнекі ақпарат көздерін тәртіпке келтіретініне кәміл сенеміз!!!

Алдағы уақытта да өздеріңіз көріп жүрген, байқаған маңдайша жазулары мен көрнекіліктердегі заң бұзушылықтар жөнінде нысанның нақты мекенжайын, атауын көрсете отырып, Іле ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жазбаша түрде, болмаса телефон шалып хабарласуларыңызды сұраймыз.

Ендеше, Сіз де ауданымызға көрік берер жарнамалардың сауатты болуына өз үлесіңізді қосыңыз!

Іле ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі

Басқа жаңалықтар

Back to top button