Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғамТұлға

Ардагер кітапханашы ардақталды

Заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаев  «Мен кітапханаларды ақыл білім, адамгершілік, парасат, иман ордасы деп білемін, ал кітапханашыларды сол ешқашан жоғалмауға тиісті ең асыл құндылықтың ең жанкешті сақшылары ретінде санаймын» деген екен.

Ақши ауылдық кітапханасында  мамандығын өміріне серік етіп, рухани байлыққа кенеліп, өзгеге қуаныш сыйлай білген,  ой-өрісі кең, жан-жақты білімді,   әріптестер мен оқырмандардың құрметіне ие болған  ардагер кітапханашыларымыздың бірі —  «Үздік кітапханашы», «Кітапхана  ісінің  үздігі», Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» меделінің иегері  Мұңайтбасова Жұмахан  Башарқұлқызының 65 жасқа толуы-на орай өмірі мен еңбек жолына арналған  «Кітапхана мамандығының ерен майталманы» атты әдеби кеш  өтті. Іс-шара барысында мамандығын өміріне серік етіп, рухани байлыққа кенеліп, өзгеге қуаныш сыйлай білген Жұмахан Башарқұлқызының еңбек жолынан «Өмірі еңбекпен өрілген» атты көрме-инсталляция ұйымдастырылып, жергілікті ақындардың кеш иесіне  арналған жырларынан әдеби мантаж орындалып,  шәкірттері мен «Ақниет» әжелер» ансамблінің  мүшелері  ән шашу  тарту етті.                  

Аудандық кітапхана директоры Қ. Будуғұлова Ж. Башарқұлқызына Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық  Кеңесінің «Еңбек үздігі» медалін табыс етті.

Іс-шараға Күрті ауылдық округі әкімінің орынбасары  Д.Әбілғани, Іле аудандық аналар кеңесінің төрайымы М.Жәбиева, аудандық кітапхана директоры Қ. Будугулова, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы, ақын, сазгер Ш. Мұқанұлы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә. Биманов,  мәдениет үйінің қызметкерлері, «Ақниет әжелер» ансамбілі   және  көпшілік оқырмандар қатысты.  

Б. Шәмиева,

Ақши ауылдық кітапхана меңгерушісі  

Басқа жаңалықтар

Back to top button