Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратЗаң және бізҚоғамТұлға

«Жол қозғалысы қауіпсіздігі» жобасы

Пресс-релиз

«Жол қозғалысы қауіпсіздігі» жобасын іске асыру аясында Алматы облысы прокуратурасы, Іле ауданының прокуратурасы, Алматы көлік прокуратурасы, көліктік бақылау инспекциясы, аудандық әкімдік, аудандық полиция басқармасы және қоғамдық белсенділердің қатысуымен республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарында рейдтік іс-шаралар өткізді.

Мобильдік топ жұмыс істемейтін бағдаршамдарды,жөндеуді қажет ететін, сондай-ақ жол белгілері мен жарықтандыруы жоқ жол учаскелерін анықтады.

«Алматы-Өскемен» автомобиль жолы ақылы болғандықтан, ауыр жүк көліктері ақылы терминалды айналып, Жаңаталап ауылы арқылы өтетіні анықталды. Нәтижесінде, Жаңаталап, Жаңадәуір, Қоянқұс ауылдарының ішіндегі жолдар бұзылған.

Барлық аталған бұзушылықтар бойынша Іле аудандық Полиция басқармасы қызметкерлерімен жергілікті атқарушы органға нұсқама берілді.

Сондай-ақ, рейд барысында 30-40% артық жүктемесі бар төрт автокөлік анықталды.

Кінәлі автокөлік иелері Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 571-бабы 6-бөлігі (ауыр салмақты автокөлік құралдарының салмақ параметрлерінен асып кетуі, оның ішінде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалана отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз тіркелуі), 571-1-бабы 1-бөлігі (тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын ұсынбауы) бойынша 1 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыстық және Іле аудандық прокуратурасы тұрғындардың «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» жобасына қатыса алатынын еске салады.

Ол үшін жол белгілерінің, жарықтандырудың, бағдаршамдардың болмауы, қарды уақтылы жинамау, сапасыз құрылыс, автожолдарға қызмет көрсету және жөндеу, жолда малдың болуы туралы фото және бейне материалдарды телеграм арнаға жіберу қажет (+7-777-012-35-91)

Пресс-релиз

В рамках реализации проекта «Безопасность дорожного движения» прокуратурой Алматинской области, прокуратурой Илийского района, Алматинской транспортной прокуратурой, Инспекцией транспортного контроля, районным акиматом, районным управлением полиции и общественными активистами проведены рейдовые мероприятия на автомобильных дорогах республиканского, областного и районного значения.

Мобильной группой выявлены неработающие светофоры, участки дорог, требующие ремонта, а также на которых отсутствуют дорожные знаки и освещение.

Поскольку автомобильная дорога «Алматы-Усть-Каменогорск» платная, установлено, что большегрузные автомобили в объезд платного терминала проезжают через село Жана-Талап. В результате были испорчены дороги внутри сел Жана-Талап, Жана-Дауыр и Коянкус.

По всем указанным нарушениям сотрудниками Управления полиции Илийского района выданы предписания в местный исполнительный орган.

Также в ходе рейда выявлены четыре автомобиля с перегрузом на 30-40%.

Виновныеавтовладельцыпривлечены к административнойответственности по части 6 статьи 571 (проезд тяжеловесных автотранспортных средств с превышением весовых параметров, в том числе фиксируемый с использованием специальных автоматизированных измерительных средств, а равно без специального разрешения), части 1 статьи 571-1 (непредставление перевозчиком товарно-транспортной накладной (акта замера или взвешивания, CMR), путевого листа при осуществлении перевозки груза, пассажиров и багажа автомобильным транспортом, а равно их незаполнение) Кодекса Республики об административных правонарушениях в виде штрафа на сумму более 1 миллиона тенге.

Прокуратура области и Илийского района напоминают, что жители могут принять участие в проекте «Безопасность дорожного движения».

Для этого необходимо направить фото и видео материалы об отсутствии дорожных знаков, освещения, светофоров, несвоевременной уборке снега, некачественном строительстве, обслуживании и ремонте автодорог, наличии скота на дороге в телеграмм канал (+7-777-012-35-91)​.

Басқа жаңалықтар

Back to top button