Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

«Қоғамдық келісім» ел бірлігінің кепілі

Қазақстан – әлемдегі достық символына айналған мемлекет екені әмбеге аян. Оның себебі, елімізде көптеген этностар қазақ халқымен бірге тату-тәтті ғұмыр кешуде. Қазіргі әлемде болып жатқан саяси оқиғаларға байланысты мемлекеттегі тұрақтылық пен келісімнің негізі – ұлтаралық татулық екені айқын. Осы мақсатта облыстық этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі ішкі саясат Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Ж. Асан, «Алматы  облысының ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» комуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры М. Илипов келіп, аудандық орталық кітапханада дөңгелек үстел өткізіп, аудандық этно-мәдени ошақтарының төрағаларымен  пікір алмасты.

Бас штабы Өтеген батыр ауылы ардагерлер үйінде орналасқан.  Бөлімді Іле  аудандық  Аналар кеңесінің төрағасы, Қоғамдық келісім» КММ-нің Іле аудандық филиалының жетекші сарапшысы Іле ауданының Құрметті азаматы М. Жәбиева жүргізіп отыр. Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан Халқы Ассамблеясы  жанындағы «Қоғамдық келісім» бөлімінің ашылуы халық арасында  маңызды рөл атқарады. Әлемдік жаһандану процесінің даму үдерістері қарқынды жүрген шақта әлемде түрлі геосаяси ойындар белең алып, жер шарының түкпір-түкпірінде соғыс өрттері тұтанып, адамзат баласын алаңдататын жағдайға жетті. Осы тұста «Қоғамдық келісім» мүшелерінің жұмысы маңызды болмақ. Бұл тұста аудан халқын топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, патриотизмді, аудан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде тұрғындардың біркелкілікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде этносаралық келісімді қамтамасыз ету. «Қоғамдық келісім» бөлімінің негізгі жұмысы, этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, аудан көлемінде ауыл тұрғындарының  бірлігін нығайту, қоғамның негізін қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту. Сонымен қатар, Қазақстан Халқы Ассамблеясы мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. «Қоғамдық келісім» этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін, этномәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын және дамуын қамтамасыз етеді.

Дөңгелек үстелде сөз алған Іле аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Іле ауданының Құрметті азаматы Ә. Исаев:  «Біздің жолымыз – ол бірлік жолы және азаматтық біртектілік негізінде ұлтты дәйектілікпен қалыптастыру жолы. Достық туралы, халық бірлігі туралы ас үйде ғана айтылатын әңгімені қоғамдық талқыға сала отырып, көпшілікпен кез келген мәселерді бас қосып шеше білуімізде. Үйде жатып «диван батыр» болудың уақыты өтті. Іс бітіретін азамат қоғамның белсендісі болу керек. Сонда ғана алға жылжимыз» — деді.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Асанов Жандар аудан көлемінде жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесіне қанағаттанарлық деген баға беріп, атқарылған жұмыстар қарапайым адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын айтты. Соңында құрметті қонақтар аудан тұрғындары мен дөңгелек үстел қатысушыларына игілік пен бақ-береке тіледі. Дөңгелек үстел барысында аудандық «Қоғамдық келісім»  және оның жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары сөз сөйледі. Сондай-ақ, форум аясында этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен естелік суретке түсті.

Бағдат ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button