Қараой ауылдық округі

ТАҒАЙЫНДАУ

Ортыбаев Кайрат Ауелханович

аудан әкімінің өкімімен Қараой ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Ортыбаев Кайрат Ауелханович 1986 жылы 4 қазанда Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Қызыл-Ту ауылында дүниеге келген.

Қ. Ауелханович 2006 жылы қазіргі Алматы экономика және технологиялар колледжін аяқтап, 2006-2010 жылдары Алматы үздіксіз білім беру университетінде құқықтану мамандығы бойынша білім алған.

Ол еңбек жолын 2006 жылы Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылдық округі әкімі аппаратында жүргізуші болудан бастап, 2007-2008 жылдары Алматы облысы «Іле аудандық спорт және дене тәрбиесі бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жетекші маманның міндетін атқарушы болып қызмет етті. Ал, 2010-2014 жылдар аралығында Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылында орналасқан «Іле ауданының спорт және дене тәрбиесі бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман болып еңбек етті.

2014-2021 жылдары «Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болса, 2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы Іле ауданы Энергетический ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button