Алматы облысының жаңалықтарыЗаң және бізҚоғам

Берік Қалдыбай, Балқаш аудандық Сот төрағасы: «СОТ САЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТЫ-АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛЕТТІЛІК».

Сұрақ:-Бүгінгі қоғамда сот саласының негізгі қағидаты-ашықтық пен әділеттілік. Яғни осы екеуі қоғамда салтанат құрғанда ғана Әділетті Жаңа Қазақстанның жемісін көретініміз анық. Осы бағытта не айтар едіңіз? Жауап:- Сұрағыңыз өте орынды. Ақиқатында да сот саласының негізгі қағидаты ол ашықтық пен әділеттілік болып саналады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті Жаңа Қазақстанды құруды қолға алды. Бұл бағытта  жұмыстар басталып та кетті. Алдағы жылдары сот саласында ашықтық пен әділеттілік салтанат құратынына сенімім мол. Біздің саламызда ашықтық  жаңа деңгейге көтерілуде. Сот процестері арнайы бейнебақылаулар арқылы бастан –аяқ жазылып отырылады. Бұл дегеніміз кейбір күмәнді шешімдерге жол бермеуге көмектеседі. Бейнебақылауда жазылған дүниелер қайтадан сүзгіден өтіп, зерделенеді. Бұл да ашықтықтың бір көрінісі емес пе? Ал әділеттілік туралы көп дүние айтуға болады. Ата-бабаларымыз қандайда жағдай болсын оның шешімін әділетті түрде шешкен. Төле, Әйтеке және Қазбек билер өз заманында даулы мәселелерде бірлесе отырып әділетті шешім қабылдаған. Қазақта «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қанатты сөз бекерден-бекер айтылмаған. Есте жоқ ескі заманнан келе жатқан осы мақал бүгінде өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Керісінше Жаңа Қазақстан қоғамында өз өзектілігімен құнды болып тұр. Сұрақ:-Сот жүйесінде соңғы жылдары көптеген реформалар жасалып жатыр. Ол өзгерістердің басты мақсаты-азаматтардың сотқа деген сенімін арттыруға негізделгені белгілі. Осы бағытта  әңгіме өрбітсеңіз? Жауап:-Дұрыс айтасыз, халықтың сотқа деген сенімін арттыру үшін кейінгі жылдары түрлі жобалар мен  бастамалар қолға алынуда.  Ал бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай кең өріс алады деп ойлаймын. Жалпылай айтсам адамның адамға деген сенімін арттыру үлкен құндылықтардың біріне айналып отыр. Ал сот ісінде кем дегенде екі тарап болатынын ескерсек, заңға сай бірі жеңіп, екіншісі жеңіледі. Сондықтан жеңілген тарап өзінің кемшілігін, қателіктерін, заңға қайшы әрекетін мойындап, бағамдаудың орнына көбінесе екінші тарапты, сотты кінәлап жатады. Сондықтан сотқа деген сенімді арттырудың бір тетігі ретінде татуластыруды, арттыруды ойлап отырмыз.           

  Әңгімеңізге рахмет!  

Сұхбаттасқан: Еркүміс ЖАРЫЛҚА, «Балқаш өңірі».

Басқа жаңалықтар

Back to top button