Іле таңы қоғамдық -саяси газетінің жаңалық порталы
Басты бет
Басты бет
ru kz
Іле аудандық қоғамдық – саяси апталық
Басты бетЖаңалықОбществоТАҒЫ ДА МЕНИНГИТ ТУРАЛЫ
13 Маусым 2018

ТАҒЫ ДА МЕНИНГИТ ТУРАЛЫ

Сырқаттанушылықтың тіркелуі бойынша сұрақтардың жиілеуіне байланысты менингит тақырыбына тағы да ораламыз.

Менингококты инфекция - түрлі клиникалық көріністермен сипатталатын жіті бактериалды инфекциялық ауру. Сырқаттанушылықтың бірнеше түрлері бар: менингококкты жұқпа – қоздырғышы тек Neisseria meningitidis бактериясы, серозды - әртүрлі вирустармен және іріңді менингит - бактериялармен шақырылады.

Инфекция көзі ауру адам немесе бактерия тасымалдаушы. Көбінесе қауіпті бактерия тасымалдаушылар, оларда организмдерінде микробтар бар,  олар өздері ауырмай, айналасындағыларын жұқтырумен қауіпті.

Менингококты жұқпа барлық жерде, бүкіл әлемде кездеседі.  Менингитпен әр-түрлі жастағы адамдар ауырады. Көбінесе сырқаттану жас ерекшелігіне емес, адам ағзасына байланысты. Мысалы, шала туылған балаларға (олар өте әлсіз болғандықтан) менингит өте қауіпті. Сонымен қатар жиі ауыратын, орталық жүйке жүйесі зақымданғандар, басының немесе арқасының травмасы бар адамдар. Жалпы сырқаттануға әсер ететін факторлардың қатары көп.

Жұқпаның берілу жолы – ауа-тамшылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде). Менингококк қоздырғышы сыртқы ортада төзімсіз.  Микроб сау адамның ағзасына науқас адам немесе тасымалдаушымен ұзақ уақыт бойы қарым – қатынаста болғанда, тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді (жанында ұйықтағанда, бірге тамақтанғанда, оқығанда, тәрбиеленгенде). Сырқат жұққан сәттен бастап 1-10 күн аралығында пайда болады. Сырқаттанған адам қоршаған адамдарға бірінші күннен бастап қауіпті.

Сырқат жедел дене қызуының көтерілуімен басталып (37,5-38,0°C), бастың ауыруымен, мұрын бітуімен, жұтыну кезінде ауру сезімімен сипатталады. Сонымен қатар, тағам қабылдаумен байланыссыз, көп реттік құсу болады. Ерте жастағы балаларда құрысулар дамиды. Егерде иммундық жүйесі төмендеген болса, микроб ары қарай қанға өтіп, аяқта, жамбаста дененің қырында жұлдыз тәрізді, басқанда жоғалмайтын қызыл (көгерген) бөртпелер пайда болады. Ары қарай бүйректің зақымдалуымен, бас миының қабынуымен, инфекциялық-токсикалық шокпен, ауыр жағдайда өліммен аяқталатын менингококты инфекцияның ең  ауыр түрі- менингококты  сепсис дамиды.

Сырқаттанғаннан кейін – саңыраулық,  балаларда саңырау –мылқаулық, кей кезде сал ауыруы, бас миының зақымдалуы дамиды.

Жоғарыда көрсетілген белгілер пайда болған жағдайда үй жағдайында емдеу шарасымен айналыспай, сол сәтте дәрігерге медициналық көмекке жүгініп немесе жедел жәрдем көмегін шақырту қажет. Неғұрлым білікті медициналық көмек көрсетілсе, аурудан суығу нәтижесі тез, әрі тиімді болады.

Жас ерекшеліктеріне қарамастан науқастарды ауруханада емдейді. Емнің нәтижелілігі ауруханаға уақытылы жатумен және емнің тағайындалуына байланысты.

Алдын алу шаралары тым қарапайым болғанымен  жеке бас тазалығын сақтап, қолды жуғыш заттармен мұқият жуу қажет. Жиі таза ауада серуендеп, адамдар көп жиналатын орындарға: сауда, ойын-сауық кешендері мен мәдени-көпшілік шараларға баруды шектеу  Маңызды!

Инфекциялық сырқаттанушылықтар, оның ішінде менингококк инфекциясы бойынша туындаған сұрақтарға облыс орталығы Талдықорған қаласында орналасқан облыстық денсаулық сақтау басқармасы базасындағы Саlle center (8 728 2 411212) және аудан, қалалық медициналық ұйымдардың қауырт желілері жұмыс жасайды.

 

 ЕЩЕ РАЗ О МЕНИНГИТЕ

В связи с часто возникающими вопросами в связи с регистрацией заболеваемости еще раз возвращаемся к теме менингитов.

Менингококковая инфекция - острое бактериальное инфекционное заболевание, протекающее с разнообразными клиническими проявлениями. Существует несколько разновидностей заболевания: менингококковая инфекция – возбудителем инфекции является только бактерия Neisseriameningitidis; серозный менингит, который вызывается различными вирусами и гнойный вызываемый бактериями.

Источником инфекции является больной человек илиноситель. Наиболее опасны носители инфекции – это внешне здоровые люди, имеющие микробы в организме, они сами не болеют, но при этом могут заражать окружающих.

Менингококковая инфекция встречается повсеместно, во всех странах мира. Заболеть менингитом можно в любом возрасте. Скорее заболеваемость зависит не от возраста, а от состояния организма. Так, например, недоношенным детям (так как они ослаблены) менингит грозит прежде всего. Так же к группе людей, которые более подвержены болезни, можно отнести людей с различными пороками центральной нервной системы, с травмами головы или спины. В целом же много факторов, которые, так или иначе, влияют на заболеваемость.

Путь передачи инфекции - воздушно-капельный (при кашле, чихании, разговоре). Возбудитель инфекции крайне неустойчив во внешней среде. Микроб проникает через слизистые оболочки верхних дыхательных путей в организм здорового человека при длительном и тесном общении с больным или носителем (рядом спят, принимают пищу, учатся, воспитываются). От момента заражения до начала заболевания проходит от одного до десяти дней. Больной заразен для окружающих с первых дней болезни

Заболевание начинается остро, с повышения температуры тела до 37,5-38,0 °C, сопровождается головной болью, першением в горле, болью при глотании, заложенностью носа.Также, при менингите, отмечается многократная рвота, не связанная с приёмом пищи и не приносящая облегчения. У детей раннего возраста часто развиваются судороги. Если иммунная система ослаблена, микроб проникает в кровь и на коже конечностей, ягодицах, боковых поверхностях туловища появляется сыпь не правильной звёздчатой формы пурпурно-красного цвета, не исчезающая при надавливании. Развивается тяжёлая форма, зачастую молниеносно протекающая - менингококкового сепсиса с поражением почек, возникновением отёка головного мозга, инфекционно-токсического шока и смертельным исходом.

После перенесенного заболевания могут развиватьсяосложнения – глухота, у маленьких детей – глухонемота, в редких случаях – параличи, поражение головного мозга. Не занимайтесь самолечением, при появлении вышеуказанных признаков заболевания немедленно обращайтесь за медицинской помощью к врачу или вызывайте скорую медицинскую помощь. Чем раньше будет оказана квалифицированная медицинская помощь, тем быстрее и эффективнее будут результаты выздоровления.

Независимо от возраста лечат больного в больнице. Успех в лечении заболевания зависит от своевременности госпитализации и начала лечения.

Что касается мер профилактики как бы банально не былонеобходимособлюдатьправила личной гигиены, тщательно мыть руки. Важно! Часто гулять на свежем воздухе, ограничить посещение мест массового скопления людей таких как торгово-развлекательные комплексы, культурно-массовых мероприятия, проводимых в плохо вентилируемых помещениях.

Для получения ответов на интересующие вопросы по инфекционным заболеваниям, в том числе по  менигококковой инфекции в областном центре г.Талдыкорган на базе управления здравоохранения области налажена работа Callecenter(8 728 2 411212) и горячих линий в медицинских учреждениях районов и городов.

 

Е. Сыдыманов

Руководитель  департамента   охраны общественного здоровья Алматинской области

Автор: Е.Сыдыманов   Алматы облысы қоғамдық  денсаулық сақтау департаментінің басшысы