Іле таңы қоғамдық -саяси газетінің жаңалық порталы
Басты бет
Басты бет
ru kz
Іле аудандық қоғамдық – саяси апталық
6 Шiлде 2018

ЖАҢА ЗАМАННЫҢ БІРЕГЕЙ ТУЫНДЫСЫ

Құрметті Іле ауданының тұрғындары! Сіздерді мемлекеттік мереке – Астананың 20 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қазіргі заманғы Астана біздің егемен мемлекетіміздің нышан-айғағына, өз еліміздің экономикалық, саяси және мәдени өмірінің орталығына айналды. Тіпті жаңа заманның бірегей туындысы. Біздің Елбасымыз бірегей еуразиялық феноменді құрды. Шығыс пен Батыстың сәулеті мен мәдениеті Астана бейнесінде үйлесімді байланысын тапқан. Біздің елордамыз елдер мен конфессияларды өзара жақындастыра отырып, әлемдік ауқымда белсенді диалогтық алаңға айналды. 1998 жылы 6 мамырда Елбасының Жарлығына сәйкес Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Дәл осы жылы ЮНЕСКО Қазақстан астанасына медаль мен «Бейбітшілік қаласы» атты жоғары шен берді.

Астана жаңа, тәуелсіз, демократиялық Қазақстанға ұмтылған болашақтың нағыз флагманына айналды. Елбасы Астананың алдына әлемнің 30 дымыған мемлекетінің астанасының құрамына ену туралы тапсырма қойды. Бүгінде елдің экономикалық өсу деңгейі осы мақсатқа қол жеткізу үшін барлық қажетті платформаларды қамтамасыз етті десек болады. Астана жаңа Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени өмірінің орталығына, Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналды. Астана біздің еліміздің күш-қуатын әлемге танытқан қасиетті орда, мемлекет бірлігі мен ұлттық идеяны іске асыру символы бола білді.

Астана барлық Қазақстандықтар үшін үлкен жеңіс және халықаралық қоғамдастықтардың үлкен сенімі, Елбасының жүргізіп отырған сарабдал саясатын жоғары бағалаған-дықтарының куәсі.

Құрметті жерлестер!

Астана мерекесі – халқымыздың мерекесі. Осы күні барша аудан тұрғындары мен қонақтарына бейбітшілік пен жақсылық, бақыт пен ырыс, егемен Қазақстанымыз үшін жасалатын игі бастамаларыңызға табыс тілеймін.

 

Автор: Қ. МЕДЕУОВ, аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы