Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Шеберлік сағат

20 қыркүйек күні сағат 10.00-де Өтеген батыр кентінде орналасқан «Прогресс»  политехникалық колледжінде әлеуметтік тапсырыс аясында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен  «Жетысу мурагер» ұйымының ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған азаматшалар арасында кондитерлік өнімдерді пісіру бойынша шеберлік сағаты  өтті.  Шараға пробация қызметі бөлімнің бастығы орынбасары, әділет майоры Қанатбаева Ж.А, бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны Кибиткалиева А.А қатысып шараның маңыздылығына тоқталып өтті.

Шеберлік сағатты пекарь, кондитер технолог Демеу Кәмшат Әбітайқызы өткізді, шара  барысында «Сүтті қыз», «Бенто», «Сүзбе», «Шығыс» бәліштерді  пісірудің қыр-сыры туралы кеңінен айтылып, оның барлық қоспаларын қоса отырып, дайындау жолдары көрсетілді.Аталмыш шара  қатысушылар арасында қолдауға ие болды, кейбір қатысушылар шеберлік сағатына қатысқаннан кейін тапсырыспен пісіретіндіктерін жеткізді. Қатысушылар «Аспаз-кондитер» сертификаттарымен марапатталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button