Іле таңы қоғамдық -саяси газетінің жаңалық порталы
Басты бет
Басты бет
ru kz
Іле аудандық қоғамдық – саяси апталық
Басты бетЖаңалықОбществоМЕЙІРІМДІЛІК ШУАҒЫ
12 Қазан 2018

МЕЙІРІМДІЛІК ШУАҒЫ

Өткен аптада Жетіген ауылының мүмкіндігі шектеулі балалары Қапшағай су қоймасына шомылуға барып жақсы демалып қайтты. Бұл қайырымдылық іс-шара балалардың бойына адамгершілік қамқорлық, әлеуметтік қоғамға бейімделу сияқты асыл қасиеттерді дарыту мақсатында ұйымдастырылған.

Балалар демалыс аясында эмоционалды қарым-қатынасы арта түсті. Табиғатқа деген сүйіспеншілігі артты. Отан қорғау, табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстауға үйренді. Үлкен-кішіні сыйлауды, адамгершілікке баулу, мейірімділікті таныта білу.

Баланың демалыс уақытында алған әсерін бір-біріне жеткізіп, топ болып суретке түсті. Осы іс-шараға қатысу балаларға шат-күлкі сыйлады. Мейірімді жан-жылуы мол қайырымдылық көрсетіп демеу берген, балаларды тегін автобуспен қамтамасыз еткен «Integra Construction KZ» ЖШС, «Южная дирекция» директорының міндетін атқарушы Тұржанов Қазыбек Жаулыбайұлы, «Қарлығаш» демалыс орнын тегін ұсынған жеке кәсіпкер Әуелбеков Шыңғыс Сейітқалиқызы, Жетіген ауылының әкімі аппаратына ата-аналар, балалар, әлеуметтік қызметкерлер өздерінің есте қалар демалысына үлкен ризашылығын білдіріп, алғыс айтып жатыр.

Қолдан келер қамқорлығымызды осындай ерекше балаларымыздан аямайық, ағайын!

Автор: М. БИМҰРЗАЕВА, А. ДҮЙСЕНБЕКОВА, мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлері