Іле таңы қоғамдық -саяси газетінің жаңалық порталы
Басты бет
Басты бет
ru kz
Іле аудандық қоғамдық – саяси апталық
Басты бетЖаңалықСпортҮШ ДҮРКІН «АЛТЫН ҚОЛҒАПТЫҢ» ИЕСІ
1 Қантар 2018

ҮШ ДҮРКІН «АЛТЫН ҚОЛҒАПТЫҢ» ИЕСІ

КазЦИК ауылының тумасы жерлесіміз Елдана Талипова қараша айында Тараз қаласының «Тараз» аренасында өткен дәстүрлі республикалық турнирінде І-орын алып, ІІІ-дүркін «Алтын қолғап» жүлдегері атанса, көп күттірмей-ақ Украинаның Надвирно қаласында қыздар арасындағы халықаралық «Корпаты» кубогына арналған жарыста 75 кг салмақта Украиналық қарсыласын І-раундтың 20 секундында-ақ накаудқа жіберіп, «Корпаты» кубогін иеленді.

Айта кетейік, турнирге Украина, Индия, Әзірбайжан, Германия, Қазақстан қатысқан болатын. Жастарды бокс саласына баулып жүрген талантты жаттықтырушы Д.Қабыланбаевтың ерен еңбегі бар. Қазір ауыл жастары шет елдерде бақтарын сынап, Қазақстанның атын шығарып, әлемге танытуда. Жақында ғана еңбегі еленіп, жаттықтырушы Д. Қабыланбаевтың өзі КазЦИК ауылдық округінің әкімі А.Жасымбековтың қолынан «Отан патриоты» төс белгісін тақты. Жастарымыз бұдан да биік шыңдарды бағындырады деген сенімдеміз. Жеңісің құтты болсын, Елдана!

Автор: А. СҮЛЕЙМЕНОВА, КазЦИК ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы