Іле таңы қоғамдық -саяси газетінің жаңалық порталы
Басты бет
Басты бет
ru kz
Іле аудандық қоғамдық – саяси апталық

Тұлға

МУЗЫКА – СУДЬБА МОЯ!
Сатаев Данияр. Запомните это имя. Пройдет немного времени, и он станет самым популярным оперным певцом у нас в Казахстане и за рубежом. «Для этого нужно расстаться со страхом перед сценой, много трудиться, потому что каждое выступление ведет к совершенству», – заметил Данияр. Мой герой не мыслит себя без музыки. Поет всегда, везде, частенько украшает своим проникновенным голосом не только районные меро-приятия.
БІЛІКТІ МАМАН, БІЛГІР ДӘРІГЕР
Адам денсаулығының бір кепілі тістің саулығы. Бүгінде табыс пен жоғары әлеуметтік абырой дегенді ойлайтын адам ақмаржан тістердің адамның беделіне қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі. Сонымен қатар, тіс саулығы жалпы ағзаның саулығымен тікелей байланысты. Әдемі жымиыстың да қаншалықты маңызды екенін айтпаса да түсінікті. Осындай маржандай күлкіні сыйлап жүрген Іле ауданының тіс дәрігері – Бейсенқұлова Жайық Жүргенқызы.
ЕЛІН СҮЙГЕН ЕР АЗАМАТ
Қазақ қашанда батырын биікке көтерген халық. Елін қорғаған азамат қай халықта болмасын аты тайға таңба басқандай болып қалады. Батыр болу үшін міндетті түрде қолға найза алып, болмаса қару алып соғысқа аттану емес. Отанын сүйген, қорғай білген азамат қайда болмасын құрметті. Осындай азаматтардың бірі Тазабеков Күмісбек Рысбекұлы.
ТЕМІРДІҢ ИЛЕУІН БІЛГЕН, ӨМІРДІҢ ӨРІН ДЕ ЕРТТЕЙДІ
Мерей биігінде ​Ол әкесі Нұрғалидың ұстаханасындағы шыңдалған болатпен бітісе қайнасты. Темірді де илеуге болатынын көріп өсті. Ауыр балғамен қола төске құлаштап соққандағы өне бойынан шығатын ащы тер, адал еңбектің шып-шып шыққан тері екенін сезінді. Өз білімімен қарапайым жұмысшыдан колхоз директорына дейін өскен еңбекқор жан. Жұмысты үздіксіз жарты ғасыр бойы істеп келе жатқан, Іле ауданының «Құрметті азаматы», көптеген мадақ мақтаулардың иесі ең белсенді ақсақал Нұролда Нұрғалиев. Әкесі мен ауылдастары үшін жәй ғана Көлке атанып кеткен.
ЕҢБЕГІ ЕРЕН АЗАМАТ
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осындай үлгілі ұстаздардың қатарында бүгінде 70 атты биік асуға көтерілген Құрманжан Жұмабай ағамыз да бар.
<<
1
2 3 4 5 6 7 >>