Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиОбществоАЖЫРАСАМЫН ДЕП АРАНДАП ҚАЛМА
14 Апреля 2018

АЖЫРАСАМЫН ДЕП АРАНДАП ҚАЛМА

Аудандық сот халықтың құқықтық деңгейін көтеру мақсатында, Сіздердің назарларыңызда некені бұзу және алимент өндіру туралы мәселелерді сот органдарында қарау тәртібіне аударады. Қазіргі медиаторлардың жұмысы туралы мәлімет беруді де ұсынып отырмыз.

– Неке бұзу туралы талап-арызды сотқа берудің оны қараудың тәртібі қандай?

Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік заңнамалары номаларының негізінде, некені бұзу туралы талап қою жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі. Некені бұзу туралы талап қоюлар талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша онымен кәмелетке толмаған балалары бірге тұрған жағдайда немесе объективті себептерге байланысты жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа жүгінуге мүмкін болмаған жағдайда, талап қоюшының мекен жайы бойынша талап берілуі мүмкін, яғни, ол Қазақстан Республикасы Азаматтық процессуалдық кодекстің 30-бабы 7-бөлігінде көзделген.

Тараптардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда, тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын болдырмау мақсатында сот отырысы басқа күнге ауыстырылады.

– Ажырасу процесінде татуластыру шаралары қолданылады ма?

Сот ерлі-зайыптылардың татуласуына шаралар қолдануы мүмкін және оларға татуласу мерзімін алты айға дейінгі мерзімге белгілеуі мүмкін. Неке бұзу ерлі-зайыптылардың татуласуына байланысты қолданылған шаралар сәтсіз болған жағдайда және ерлі-зайыптылар (олардың біреуі) некені бұзуды талап еткен жағдайда жүзеге асырылады.

– Некені бұзу туралы қозғалған азаматтық істердің қаралу мерзімдері қандай?

Қазақстан Республикасының «Неке ерлі-зайыптылық және отбасы туралы» Кодексінің 19-бабының 3-бөлігіне сәйкес, ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сотқа өтініш берген күннен бастап бір ай өткен соң, неке сот тәртібімен бұзылатынын атап айтқан жөн. Яғни, бұл жерде айта кететін жағдай, сот некені бұзу туралы талап-арызды өз өндірісіне қабылдап, іс бойынша толықтай сотқа дайындықты жүргізгеннен кейін істі дайын деп танып, оны сот отырысында талқылауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады. Қазақстан Республикасы АПК-нің 172-бабына сәйкес, сот талқылауы оны дайындау аяқталған күннен бастап

он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс. Алайда, некені бұзу туралы талап-арызбен қозғалған азаматтық істер бойынша, сот талқылауы оны дайындау аяқталған күннен бастап бір ай мерзімде тағайындалады. Аталған істі қарау ерекшелігі де осында.

Сот ажырасу себептеріне көңіл бөле ме?

Осыдан басқа, заң шығарушы органмен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының №5, 28. 04. 2000 жылғы шығарылған «Соттардың некені бұзу туралы істерді қараған кезде заңнаманы қолдану туралы» Нормативтік қаулысы қабылданған, оған сәйкес, соттар некені бұзу туралы істі, әдетте, ерлі-зайыптылардың екеуінің қатысуымен қарауға тиісті. Тараптардың өзара қатынастарын, некені бұзу туралы мәселенің себептерін, ерлі-зайыптылардың арасындағы алауыздықтың нағыз себептерін жан-жақты анықтау қажет.

– Некені бұзуда ерлі-зайыптылардың біреуі қарсы болғанда және ортақ бала мен мүлікті қалай бөледі?

Алайда, ортақ кәмелетке толмаған балалары бар ерлі-зайыптылардың арасында некені бұзу жөнінде өзара келісім болса, ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде, сондай-ақ, егер ерлі-зайыптылардың біреуі некені бұзуға арыз берсе, ал екіншісі қарсылығының жоқтығына қарамастан өзінің әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені бұзудан жалтарса, сот некені бұзудың себептерін анықтамай-ақ некені бұзады. Көрсетілген жағдайларда некені бұзу екі айға дейінгі мерзімде жүргізіледі (АПК-нің 183-бабы). Қазақстан Республикасы Азаматтық процессуалдық заңнамасына сәйкес, сот шешімі оны түпкілікті нысанда дайындалған кезден бастап, егер оған жоғарғы сот сатысына шағым немесе прокурормен апелляциялық өтініш келтірілмесе, заңды күшіне енеді.

Некені бұзу туралы заңды күшіне енген соттың шешімі сот шешімі шығарылған жер бойынша не ерлі-зайыптылардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуге жатады.

– Ерлі-зайыптылардың ажырасу процесінде медиаторлардың рөлі қандай?

2017 жылдан бастап Алматы облысы Іле аудандық сотының ғимаратында, дауды сотқа дейін реттеу мақсатында, тиісті лицензия негізінде әрекет ететін кәсіби медиаторларға медиация кабинеті берілген.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, медиаторлар ұйымдары медиаторлардың бастамасы бойынша «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес, өзін-өзі қаржыландыратын және өзін-өзі басқаратын ұйым болып табылады. Некені жалғастыруға, ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға, балалардың тұрғылықты жерін белгілеуге, ата-аналарының балаларды бағып-күтуге салымына қатысты ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктер, сондай-ақ отбасылық қатынастардан туындайтын басқа да келіспеушіліктер медиация арқылы шешілуі мүмкін. Осыған орай, медиаторлардың өзінің кәсіби қызметін көрсетуі, дауды сотқа дейін реттеу болып табылады және азаматтардың олардың қызметіне жүгінуі, өз субъективтік құқықтары болып табылады.

 

 

Автор: Бағдат ЧОЙБАСОВ