Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиСпортЖАРАЙСЫҢ, ЖІБЕК!
27 Апреля 2018

ЖАРАЙСЫҢ, ЖІБЕК!

11 жасар қазақ қызы джиу-джитсудан өткен Әлем біріншілігінде алтыннан алқа тағып, Чемпион атанды.
Абу-Дабиде жасөспірімдер арасында джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге Қазақстанның спортшылары да аттанған болатын.


Чемпионаттың бірінші күні Еліміздің «Qаzаqstаn Тор Теаm» командасының спортшылары, бапкер Нұрсұлтан Орынбасаровтың шәкірті Жібек Құлымбетова мен Алина Махамбет сайысқа түсті. 32 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жібек ақтық сынға араб спортшысымен шығып, ауырту тәсілін жасау арқылы жеңіске жетті. Жас спортшы бозкілемге шыққан сәттен бастап-ақ, айқын басымдылық танытты. Аталған әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының қоржынына түскен алғашқы алтын да осы болды. Ал, Алина Махамбет (36 келі) жартылай финалда БАӘ спортшысымен кездесіп, жүлделі ІІІ-орынға ие болды.


Соңдай-ақ, 13 жасар Бекзат Жаманбай (45 келі) 23-сәуір күні өткен жарыста жақсы күрес көрсетіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Айта кету керек, 11 жасар Жібек Құлымбетова джиу-джитсумен айналысқанына 1 жыл болған. Ол, Алматы облысында орналасқан «Сағадат батыр» спорт клубыңда жаттығады. Жас спортшы буған дейін тапай респубпикалық, халықаралық жарыстарда жүлдегер атанып келеді.

 

Автор: Бағдат ЧОЙБАСОВ Суретте: Ж. Құлымбетова (оңжақта) мен А. Махамбет (сол жақта) жаттықтырушы Н.Орынбасаровпен бірге