Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиОбществоАРДАГЕРЛЕР ЕҢБЕГІҢ БАР ӨЛШЕУСІЗ
12 Мая 2018

АРДАГЕРЛЕР ЕҢБЕГІҢ БАР ӨЛШЕУСІЗ

9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай, аудан әкімі Қ. Медеуов Өтеген батыр кентінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Т. Толғанбаев пен А. Крутскихтің шаңырағына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат тарту етті. Сонымен қатар, Елбасымыздың жолдаған құттықтау хаты мен «Нұр Отан» партиясы атынан есімдері зерделеніп жазылған қолсағат тапсырды.

95 жастағы соғыс майдангері Толғанбай ақсақалмен әңгімелесу барысында әкім бейбіт өмір үшін, ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің жанкешті ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын айтты.

– Ұлы Отан соғысындағы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің орасан зор үлесі бар. Сіздердің көрсеткен осынау ерліктеріңіз бүгінгі ұрпақ үшін нағыз отансүйгіштіктің, көпұлтты татулықтың теңдессіз үлгісі болып тарихта жазылып қалды.

Сол мәңгі өшпес өнегелеріңіз жүрегіміздің төрінен орын алды. Болашақта да солай бола бермек, – деді әкім.

Кездесуде қазыналы қарт майдан даласындағы естеліктерімен бөлісіп, бүгінгі ұрпақтан егемен еліміздегі бейбіт өмірдің қадірін ұғынып, оны қастерлеуін өтінді. Сонымен қатар ол ел үшін шайқасқан әрбір ардагерге әрдайым құрмет көрсетіліп, әлеуметтік тұрғыда қолдау білдіріп жатқан Елбасыға және жергілікті билік өкілдеріне ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, ардагерлерімізді құрметтеп, сый-сияпат жасауда ауданымызда орналасқан «Филип Моррис Қазақстан» компаниясымен басқа да кәсіпкерлер 15 жыл көлемінде өз көмектерін тұрақты көрсетіп келеді.

 

 

Автор: Өз тілшіміз