Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовости«Цифровой Казахстан»«БӘЙТЕРЕК» ХОЛДИНГІНДЕГІ ЦИФРЛАНДЫРУ
9 Июля 2018

«БӘЙТЕРЕК» ХОЛДИНГІНДЕГІ ЦИФРЛАНДЫРУ

Орталық коммуникациялар қызметінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев қатысуымен «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «бір терезе» қағидасын қолдану арқылы бизнесті мемлекеттік қолдау үдерістерін цифрландыру барысы туралы» тақырыбындағы баспасөз маслихаты өтті.

А.Омарқожаев өз сөзінде «Бәйтерек» холдингі ірі қаржылық даму институты ретінде өз қызметін цифрландыру мәселелерін жүйелі түрде шешуде деп атап өтті. Атап айтқанда, Холдингтің 2018-2023 жылдарға арналған цифрландыру стратегиясы жүзеге асырылуда, онда қызметінің алты негізгі бағыты және жиырма нақты цифрлық қадам белгіленді.

Сондай-ақ, спикер қазіргі уақытта «Digital Baiterek» жобасын іске қосудың арқасында Холдинг бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыруды жүзеге асырып жатқандығын атап өтті. Бүгінгі күні Холдингтің 19 қызметі автоматтандырылған - бұл «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның барлық қызметтерінің 70%-ы.

«Бәйтерек» холдингі көп жылдан бері цифрландыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отырғаны аталып өтті. Бұл ретте Холдингтің «электрондық үкімет» порталы шеңберінде бизнесті қолдау бойынша оң тәжірибесі бар.

Брифинг барысында «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде облигациялық қарыздар есебінен қаржыландырылатын жылжымайтын мүлік объектілеріне мониторинг жүргізу бойынша жаңа портал және Ахуал орталығы таныстырылды. Жобаны Холдингтің еншілес ұйымы - «Байтерек девелопмент» АҚ әзірлеген. Портал өңірлердегі тұрғын үй нысандарының құрылысы туралы электронды ақпараттарды орналастыратын жергілікті атқарушы органдарға арналған. Барлық осы деректер «Байтерек девелопмент» АҚ-ның интерактивті Ахуал орталығында онлайн режимінде көрсетіледі. Бұл шешімдер заманауи технологияларды пайдалана отырып, салынып жатқан барлық нысандарды қашықтықтан бақылауға мүмкіндік береді.

«Цифрландырудың соңғы нәтижесі - холдингтің жұмысының тиімділігін арттыру, қаражат пен уақытты үнемдеу, азаматтардың біздің қызметтерімізге қолжетімділігін қамтамасыз ету және барлық клиенттерге бағдарланған процестердің ашықтығын қамтамасыз ету. Біз барлық қызметтерімізді цифрлауға және холдингтің бірыңғай цифрлық экожүйесін жасауға тырысамыз», - деді Омарқожаев өз сөзінде.

 

8 (7172) 919205

www.baiterek.gov.kz

baiterek.gov.kz@gmail.com

 

Автор: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметі