Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
12 Июля 2018

АСТАНА ТАМСАНДЫРҒАН ТАЛАЙДЫ

Өткен аптада Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай Чапай ауылдық Мәдениет үйінде мерекелік салтанатты шара үйымдастырылды. Еңселі Елорданың төл мерекесіне орай өткен мерекелік кеште аудан әкімінің орынбасары А. Қожабеков аудан тұрғындарын мерейтойымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Ол өз сөзінде: - Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасымен бой көтерген Астана аз уақыт ішінде әлемдік деңгейдегі саяси, экономикалық және мәдени орталыққа, Қазақстанның мақтанышына айналып, еліміздің бас қаласы болғалы беделі мен маңызы күннен-күнге өсуде. Өзге ел өкілдерінің елордамызға қарап тамсанатыны рас. Ерекше үлгіде салынған зәулім сарайлар көздің жауын алады. Бас қала - тыныштық пен тұрақтылық үйлескен Қазақстанның мақтанышы - деп атап өтті.

Ыстық ықыластан кейін ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына өз үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтарға Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 20 маусымдағы Жарлығына сәйкес «Астанаға - 20 жыл» мерекелік медалін салтанатты түрде тапсырып және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. Салтанатты шара концерттік бағдарламамен ұласты.

 

Автор: Өз тілшіміз