Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
21 Июля 2018

ЕСІЛДІҢ ЖАҒАСЫНДАҒЫ ӘСЕМ ҚАЛА

Сіз, бір уақыт болсын, айналаңызда жүрген қарттардың өткенімен қызығып көріп пе едіңіз?! Олардың тарихы, бірімізге ой салса, енді біріміздің көзқарасымызды өзгертеді. Бұл жолы, біз Іле ауданының «Құрметі азаматы», Қазақстан Республикасының дербес пенсионері атағына ие болып отырған Сәрсенова Даметкен Жайлауқызымен кездесіп қайттық. Әңгіме барысында, кейіпкеріміз Кремль өткен кездейсоқ кездесуі жайлы баяндап берді.

– 1968 жылы ұжымдағылардың қолдауымен Жоғарғы кеңестің депутаты болып тағайындалдым. Сол жерде, жұмыс істеп жүріп, 1969 жылы Мәскеуде өткен колхоз басшыларының ІІІ-Кеңестік съезіне делегат болып бардым. Дәл сол жерде, мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен таныстым. Ол кезде 21 жастағы қылшылдаған азамат еді. Кремльдің маңында адасып жүргенімде, қазақтың қарапайым қызы екенімді бірден танып қасыма келіп жөн сұрасқан. Қазақ бірінші көріскенде таныс, екінші көріскенде туысқан болып кетеді ғой. Бірінші кездесуіміз осылай өтті. Одан кейін, Жоғарғы Кеңестің депутаты болған соң жиналыстарда кездесіп тұрдық, әрдайым сәлеміміз дұрыс болатын. Ол уақытта, менімен Нұрсұлтанмын деп танысқан жігіттің, елімізге тұғырлы Тәуелсіздік сыйлайтын, халқын дара жолмен жүргізер, дана көшбасшы боларын мен қайдан білейін. Қазір, Мәскеуде болдым, Кремльді өз көзіммен көріп қайттым деп мақтанып отырамын. Бірақ, әттең, кәрілік-ай! Жуырда, сіңілім келген кезде «жас кезімде, колхозда еңбек еткенімде, жылына 4 рет Мәскеуге іс-сапармен барып келетін едім. Бірақ, мына тұрған Астанаға бір барып көрмеппін» деп мұңымды айтқаным бар. Сол бір өтінішімді жерге қалдырмай, арада 2-3 күн өткен соң, мені Астанаға алып барды. Астананың сұлулығындай әдемілікті көрмеппін. Неше түрлі аспанмен таласып тұрған ғимараттарда, ерке Есілдің жағалауында, сәулетті Бәйтеректе, атақты Нұр-Астана мешітінде болып қайттым. Небәрі 20 жылдың ішінде, мұндай туындыны істеу үшін, қыруар күш-қуат қажет. Осы тарапқа келгенде, мен Елбасымыздың қайтпас қайсар мінезіне, төзімділігіне тәнтімін. Енді, біздің дәуір өтті, қазір барлығы жастардың қолында. Бойларыңда қуаттарың бар кезде, ерінбей еңбек етіңдер. Жұмыс, жұмыс және оқу. Қазір бой емес, ой жарыстыратын заман. Сол үшін, оқуды назардан тыс қалдырмаңдар. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады», – деп Дәметкен апамыз бір кітапқа арқау болар әңгімесін аяқтады.

Кейіпкеріміз Сәрсенова Даметкен Жайлауқызы, 1941 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Покровка селосында дүниеге келген. Жастайынан

әкесінен ерте айрылса да, анасы, іні-сіңілілерімен кез келген қиындықтарға төтеп беріп, қиын заманды бастан кешті. Таң бозарып атқаннан, кеш қарайып батқанға дейін егістікте еңбек еткен биязы қыз, көп ұзамай еңбегінің жемісі ретінде алдымен ауылдық, облыстық ұжымның басшысы болса, кейіннен Жоғарғы кеңестің депутаты болып сайланды. Бүгінде Дәметкен апамыз 77 жастың белесін асып, ауданның «Құрметті азаматы» атағына ие болып отыр. Әңгіме соңында тағдырының түрлі соқпақтарына тап болғанымен, осындай байтақ елде туып, өсіп-өніп, сол елде қартайып, өскелең ұрпаққа үлгі болып отырғанына шын бақытты екенін айтып жеткізді.

 

 

Автор: Сая ИСА