Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовости«Цифровой Казахстан»МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕЛЕРІ ӨТКІЗІЛУДЕ
21 Июля 2018

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕЛЕРІ ӨТКІЗІЛУДЕ

Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді.

Қазіргі кезде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру, мемлекеттік қызмет алушы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ауданда біршама істер атқарылуда.

Осындай игі шаралардың бірі қазіргі кезде ай сайын тұрақты өткізіліп келе жатқан мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі болып табылады. Ағымдағы жылдың 2-3 тоқсанында тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығы және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойлары қарсаңында Іле ауданының білім, ветеринария, сәулет және қалақұрылысы бөлімдері және Энергетик, Байсерке ауылдық округтері, Боралдай кентінің әкімі аппараты мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Іле аудандық бөлімі мамандарының қатысуымен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері өткізілді.

Жәрмеңкеде тұрғындарға электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін түсіндіріп, кеңестер берілді. Іс-шара барысында мемлекеттік органдардың өкілдері өздерінің қызметтерін жадынамалар тарату арқылы, баннерлерде мемлекеттік қызметті алу туралы ақпараттармен көрсетті.

Мемлекеттік органдар мен Мемлекеттік корпорациямен жәрмеңке барысында азаматтарға кеңес беріліп, түрлі қажетті құжаттарды алу туралы өтініштерді сол жерде қабылдау мүмкіндігі болды.

Жәрмеңкеге қатысуға көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер сараланды. Олар: жер қатынастары, тұрғын үй мәселесі, архитектура, білім беру, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту.

Жәрмеңке нәтижесінде, ауданның 21 тұрғыны – тұрғын үй саласында, 32 – білім беру, 38 – жер қатынастары, 28 – архитектура саласында, 12 – жұмыспен қамту саласында кеңес алды.

Аталған шарада барлығы 15 қызмет көрсетілді. Олар: мекенжай анықтамасы, соттылығы бар/жоғы туралы анықтама, мобильді үкіметте тіркеу, сонымен қатар ЭЦҚ және электронды қызметтер алу, зейнетақы жарналары туралы анықтама тағы басқа көрсетілетін қызметтер туралы мамандар арқылы кеңестер берілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесін тұрғындар тарапынан оң қабылдады. Осындай жаппай іс-шаралар өткізу ең бастысы мемлекеттік қызметтер саласы бойынша тұтынушыларына бағытталады.

Шараға аудандағы үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпорындар өз қызығушылығын танытуда. Мәселен Боралдай кентінде өткен жәрмеңкеге арнайы қатысқан аудандық «Нұр Отан» партиясының Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Е. Тұрымбетов осындай игі шаралар жиі өткізіліп, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру арқылы интернетті пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ түрлі қажетті анақтамалар мен мемлекеттік қызметтерді алу әрбір тұрғын үшін өте тиімді жоба екенін атап өтті.

Аудан әкімі аппаратының басшысы М. Кәрібаев әрбір жәрмеңкеге қатысып, Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдаудың жүзеге асырылуы бойынша қабылданған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына тоқталып, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыратын шаралардың алдағы уақыттарда да ұйымдастырылатыны туралы айтты. Өткізілген жәрмеңкелердің барлығында Боралдай кенті мен Энергетик, Байсерке ауылдық округінің көркемөнерпаздар ұжымдары жиналған көпшілікке арнайы концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Алдағы уақытта басқа да бөлімдер мен ауылдық округтерде тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі шаралар өткізілетін болады.

 

Автор: Санат ЕРБОЛАТҰЛЫ, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы