Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
22 Июля 2018

ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТУ СЕНІМДІ

 

Бас қаламыз – Астананың 20 жылдығына орай Жетіген ауылында орналасқан 78639 әскери бөлімінде бірталай іс-шаралар атқарылды.

Спорт – денсаулық кепілі, спорт – адамдарды бір-біріне жақындататыны, олардың арасындағы ұйымшылдықты арттыра түсетіні белгілі. Кіші авиациялық мамандарды даярлау мектебінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтенант Б. Айниетовтың ұйымдастыруымен сарбаздар арасында шағын футболдан, қол күрестен жарыстар және әскери эстафета ұйымдастырылды.

 

Сарбаздардың келгеніне аз уақыт болса да, олар спортқа деген құлшыныстарын көрсете білді. Шағын футболдан жарыс барысында бірінші орынды ӘШҚҚ әскерлер ротасы жеңіп алды, рота командирі аға лейтенант А. Қожақов. Әскери эстафета бойынша жарыста РТӘ оқу ротасы жеңіске жетті, рота командирі аға лейтенант Д.Еркебұланов. Әскери эстафетада сарбаздар осы аз уақыт ішінде игерген жауынгерлік әзірлік дағдыларын көрсетті, АК-74 автоматын уақытқа бұзып, жинап жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Қол күресі жарысынан үздіктер болып, өте жақсы көрсеткіштер көрсеткен әлем чемпионы атағы бар қатардағы жауынгер Р. Тоқмұхамедұлы және қатардағы жауынгер А.Кантаров, үздік нәтиже көрсеткен сарбаздарды батальон командирі майор А. Айдархан грамоталармен марапаттады. Бұл сарбаздардың әскери ант қабылдағаннан кейінгі өткізілген алғашқы іс-шаралары, алдағы уақытта олар талай жарыстарға қатысып, үздік нәтижелер көрсететініне сенімдіміз.

 

Автор: М. КАНАПЬЯНОВА, 78639 әскери бөлімі, идеологиялық жұмыс және арнайы насихат жөніндегі аға офицері, капитан