Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
27 Июля 2018

СЕРПІН БЕРЕДІ

Өз елі мен халқына адал қызмет етудің тамаша үлгісін көрсетіп келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін жариялап, қай кезде де отандастарының мүддесін бәрінен биік екенін көрсетті.

Халықты баспанамен қамтамасыз ету, жалақысы төмен жұмысшы, қызметкерлерге салықтық жеңілдіктер жасау, жастардың білім алуы және жатақханамен қамтылуына байланысты орындалатын міндеттер мен ынталы адамдардың кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсету облыс, аудан әкімдерінің ендігі жердегі негізгі жұмыс бағытына айналды. Аймақта Президент ұсынған 5 әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруға толықтай негіз бар.

Елбасы ұсынған бағыттар ішіндегі жалақысы төмен жұмысшы, қызметкерлерге салықтық жеңілдіктер жасауды қарастыруға орай берілген тапсырма аймақтардағы өзекті мәселе болатын. Өйткені. негізінен ауыл шаруашылығында еңбек ететін адамдардың табысы да төмен екендігі анық. Өңірлердегі орташа айлық жалақының айырмасы да әлеуметтік

жағдайдың теңгеріміне әсер ететін-ді. Ендігі жерде Президент ұсынған салық жеңілдігі аз жалақы алатын жұмысшылардың табысын арттыруға мүмкіндік бермек. Алматы облысы да аграрлық салаға арқа сүйеп отырған аймақ болғандықтан, сала еңбеккерлерінің табыс салығын 1% дейін азайту бастамасын қуана қабылдағаны анық. Сол сияқты, өңірдегі өзін-өзі жұмыспен қамтитын адамдардың қарасы әжептәуір. Айлық табысы орташа көрсеткіштен аспайтын олар үшін де үміт оты тұтанды.

Елбасы біздің алдымызға зор міндеттер қойды. Ол міндеттердің барлығы да елдің мүддесі. Олай болса, сол елдік мүдделерімізді өз игілігіміз үшін жаратуға бар күшіміз бен мүмкіндігімізді жұмсауға тиіспіз. Әрине, бұл үшін бізге еліміздің бірлігі мен халқымыздың ынтымағы керек. «Бақ та, ырыс та, береке де ынтымақты жерге барады» деген халқымыздың ежелгі бір даналығын әрдайым есімізде ұстап, Елбасының бес бастамасын орындауға құлшына кірісейік!

 

Автор: Г. ЕСТЕУСІЗОВА, аудандық экономика бөлімінің басшысы