Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовости«Цифровой Казахстан»АУДАНЫМЫЗДА АЛҒАШ РЕТ IT СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ
28 Июля 2018

АУДАНЫМЫЗДА АЛҒАШ РЕТ IT СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

25 шілде күні №24 лицейде «Жаңа инновациялық технологиялар мен білім орталығы» қоғамдық қорының қолдауымен «G-rоbоtick» робототехника және ІТ-сыныбы ашылды. Осы шараға «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы қызметкерлері, облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық мекеме басшылары, БПҰ төрағалары, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері қатысты. ІТ-сыныбының ашылу салтанатында сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов «Елбасымыз өз Жолдауында цифрлы технологияны қолдану арқылы құры­ла­тын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіс­піз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді бан­кинг, цифрлы қызмет көрсету секіл­ді денсаулық сақтау, білім беру ісін­де қол­данылатын және басқа да перспек­тивалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», – деп нақты бағдар берген болатын. Міне, осыған орай №24 лицей «Цифрлы Қазақстанның» жаңа модулін ұсынып отыр. Енді мұнда ІТ-сыныбы ашылып, жас шәкірттерге «G-rоbоtick» робототехника саласы бойынша сабақ өтетін болады, – деді.

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен ІТ сыныбы жабдықталды. Бұл аудан орталығынан шалғай ауылдағы орналасқан елді мекендердегі жасөспірім балаларға ғылыми-техникалық білімді шынайы өмірде қалай қолданып, заманауи технологияны жетік білуге жол ашады. Сондай-ақ аталған жүйе креативті ойлауға баулып, жастардың техникалық пәндерге деген ынта-жігерін оятуға бағытталған. Аталған іс-шара еліміздегі цифрландыру үдерісіне, азаматтардың цифрлы сауаттылығын арттыруға үлесін қоспақ. Бүгін ауыл жастарына өз мүмкіндіктерін толық пайдаланып, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында №24 мектеп лицейде ІТ сынып ашылды. IT-сыныптың ашылуы бұл жастарға берілген үлкен мүмкіндік», – дейді облыстық филиал қызметкері Дана Аналдинова.

«Орталықта мини Fab Lab үлгісінде жаңа робототехника лабораториясы, ArduinoIDE құрылғыларымен жабдықталған заманауи робототехника негізін үйрететін, программалау мен құрастыру әдісін кеңінен түсіндіретін оқыту бағдарламасы іске қосылады. Сонымен бірге «G-rоbоtick» орталығының жұмысы аудандық әкімшілік сайты, www.centr-bilim.kz пен «Жаңа инновациялық технологиялар мен білім орталығы» қоғамдық қорының әлеуметтік желілерінде жарық көретін болады.

– Бұндай сыныпты ашудағы мақсат – балалардың қазіргі заманғы бәсекеге сай білім алуына мүмкіндік жасау. Осы мақсатта қазір қызу жұмыс жүріп жатыр. Қазіргі таңда аудан мектептерінің информатика, физика пәнінің ұстаздарының басым көпшілігі робототехника курстарынан өтті. Жылдың соңына дейін аудан мектептерінде IT сынып ашу жоспарланып отыр. Бүгін үш тілде білім беретін лицей оқушыларының қабілетін байқадық. Оқушылар көп нәрсені үйренгендерін көрсетті. Өз қолдарымен робот құрастырған, – деді Л. Каткеева.

 

Автор: Өз тілшіміз