Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостипромышленная революция 4.0ЖАСТАР ҚОҒАМЫМЫЗДЫҢ ИДЕАЛЫНА АЙНАЛУЫ КЕРЕК
3 Августа 2018

ЖАСТАР ҚОҒАМЫМЫЗДЫҢ ИДЕАЛЫНА АЙНАЛУЫ КЕРЕК

Жолдауда айтылғандай тарихи құжатта адами капиталдың сапасын жақсарту бағытында білім беру жүйесінің рөлінің өзгеруі тиістігін, сонымен қатар ұлттық тіліміздің басымдылығын сақтауда аянбай еңбек етеміз. Ағылшын тілін меңгермей еліміздің жалпы ұлттық прогреске жете алмайтынын, үкіметке үш тілді оқуға кезең-кезеңімен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар тапсырды.

Мемлекет басшысының білім беруде экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыруы қажет екенін, алдымызда оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттап айтқаны құба- құп. Сондай-ақ, жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласы мен кәсіптік білім беру саласына аса зор көңіл бөлуді де атап айтты.

Елбасымыз Н. Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мән-мағынасына орай өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ, заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналатын білім алушыларды даярлауды міндеттеп отыр.

Президентіміздің жыл сайынғы Жолдауы ең алдымен біздің мемлекеттің қарыштап дамуының бағдарын айқындаса, екіншіден, межеленген міндеттерді саралауға, ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді». Біз жыл сайынғы Елбасы Жолдауын үмітпен күтуге дағдыландық. Жаңа мақсаттар мен міндеттердің, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайтары сөзсіз.

Автор: С. ТАРАСОВ, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры