Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
3 Августа 2018

АСТАНАНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ

Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді. Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар, оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты. Жеделдетілген құрылыс қарқыны 6-7 жылдың шамасында Қазақстанның даласынан заманауи модернизацияланған, қайталанбас бейнесі бар қала тұрғызуға мүмкіндік берді.

Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған. Ал қазірде мұнда 70 метр және одан да зәулім үйлер көп.

Сондай-ақ, қалада бес жоғарғы оқу орны, Ақмола облыстық филармониясы, мұражай (тарихи-аймақтану мұражайы, қолданбалы өнер мұражайы), театрлар (К. Бәйсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры, Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драмалық театры, М. Горький атындағы орыс драмалық театры), кітапханалар жұмыс істейді.

Ал табиғатына келетін болсақ, қоңыржай шұғыл континеттік. Жазы ыстық, әрі құрғақ, қысы аязды, әрі ұзақ. Қысының суығы сібір аязына таяса, жаздыгүні Орта Азияның ыстық қапырығы байқалады.