Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
10 Августа 2018

ЖЕҢІЛДІКТЕРІ КӨП СӘТТІ ҚАДАМ

Біз Ауған соғысының ардагерлері, Елбасы бастамаларын Қазақстан халқының жағдайын жақсартуға бағытталған оңды шешім деп қабылдадық. Атап айтқанда, отандастарымызға несиемен үй алу айтарлықтай жеңілдегелі тұр. Мәселен, 2017 жылы пайдалануға берілген пәтер саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Енді мемлекет бұл жетістіктермен шектелмей, қазақстандық әрбір азаматтың ақылға сыятын ақыға үйлі болуына мүмкіндік туып отыр. Сондай-ақ салық жүктемесін жеңілдету арқылы жалақысы төмен адамдардың еңбекақысының көтерілуіне әсерін тигізеді. Бұл бастама күнкөрісі төмен отбасыларға демеу болары анық. Оқу гранттарының қосымша 20 мыңға көбейтілуі, оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болуы мемлекетке қажетті мамандардың тапшылығын жоюға себепкер болады. Оның үстіне мемлекет, жекеменшік әріптестігі негізінде студенттер жатақханаларын салу міндеті нақтыланғандығы көңілімізден шықты. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында шағын несиелердің көлемі 2 есеге артады. Бұл қамқорлықтың шапағаты ауылдық елді мекендерге де тиеріне кәміл сенемін. Ал газдандырудың бірегей жобасы еліміздің орталық және солтүстік өңірлеріндегі миллиондаған тұтынушының тіршілігіне оң өзгеріс әкелері сөзсіз.

Автор: М. ҚАРАЖІГІТОВ, аудандық Ауған соғысы ардагерлері және мүгедектері қоғамының төрағасы