Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостипромышленная революция 4.0АГРОӨНЕРКӘСІП АЛҒА ДАМУЫ КЕРЕК
17 Августа 2018

АГРОӨНЕРКӘСІП АЛҒА ДАМУЫ КЕРЕК

Президентіміздің Жолдаулар мен бағдарламалық мақалалары тәуелсіз еліміздің ілгері қадам басуына алғышарт іспеттес. Биылғы Жолдауда елдің жан-жақты дамуының негізгі басымдықтары мен жоспарлары айқындалады. Одан әрі дамудың басты бағыттарын жариялай отырып, Нұрсұлтан Назарбаев халықтың қолдауына ие болатын міндеттерді шешуге жұмыла кірісуге шақырады. Жаңа Жолдау қоғам мен мемлекеттің әрі қарай дамуына қажетті 10 міндеттен тұрады. Құжатта индустриаландыру, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту, коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, адами капитал, жемқорлықпен күреске баса назар аударылды. Жолдауды жүзеге асыру үшін біз өз тарапымыздан белсене атсалысамыз. Жолдаудың жетінші міндетінде «Адами капитал – жаңғыру негізі», – деген тапсырмаға баса назар аударғымыз келеді. Өйткені, білім беру саласына өз жобалары мен экспорттық әлеуметі бар экономика бөлімі ретінде ерекше көңіл бөлінеді.

Жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігін заңнамалық тұрғыда бекіту, шетелдік менеджерлерді тарту қажет.

Осы көрсетілген міндеттердің жүзеге асырылуын насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар мәдениет ошақтарының да атқарар істері ауқымды болмақ.

Ендеше, баршамыз Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау үшін шама-шарқымызша адал еңбек етіп, өз үлесімізді қосайық!

Автор: Ж. БЕЙСЕМБАЕВ, аудандық мәслихаттың депутаты. «Илиирригация» су шаруашылығының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы