Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
27 Августа 2018

БАСПАНАҒА ЖОЛ ЖЕҢІЛІРЕК БОЛАДЫ

 Халықтың тұрғын үй жағдайын жақ­сарту мақсатында, тәуелсіздік жыл­дарында елімізде көптеген бағдарлама қабылданды. Соның ішінде, «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметкерлер, бюджет сала­сының мамандары аз қамтылған және жас отбасылар, бір сөзбен айтқанда түрлі категориядағы азаматтар тұрғын үйге жеңілдіктермен қол жеткізген болатын. Қазіргі кезде «Нұрлы жер» бағдарламасы халық арасында үлкен танымалдылыққа ие болды.

Себебі, «Нұрлы жер» аясында тұрғындарға пәтермен бірге, жеке тұрғын үй алу мүмкіндігі де беріліп отыр. Бұл еліміздің шын мәніндегі әлеу­меттік мемлекетке айналғанын көрсетеді.

Президент өз ұсынысында несие өсімінің мөлшерлемесін қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 пайыздан асырмауды және бастапқы жарна құнының 20 пайыздан аспауын тапсырып отыр. Бұл – қарапайым азаматтар үшін өте тиімді қадам. Біздің азаматтарымызда ақша жинау мәдениеті қалыптасуда. Демек, баспанаға жол жеңілірек болады.

Автор: А. ЖАҚАШБАЙҚЫЗЫ, №20 орта мектеп директоры