Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
27 Августа 2018

ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ. Ортыбаев, аудандық «Сабденұлы Өтеген батыр» мешітінің бас имамы М. Әбсаматов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа 100-ге жуық мешітке келуші жамағаттар, мәдениет қызметкерлері қатысып, жарыстың жекелей есеп қорытындысы бойынша: Қазақ күресінен І-орынға Алмас Ғалымов, ІІ-орынға Қойбағар Дархан, ІІІ-орынға Сансызбай Ғазиз ие болды.

Гір тасын көтеруден І-орынды Даулет Теміржан, ІІ-орынды Алмас Ғалымов, ІІІ-орынды Ринат Абдрахмановтар жеңіп алды.

Арқан тартудан І-орын мешіт жамағаттар командасының, ІІ-орын аудандық спорт мектебі командасының, ІІІ-орынды мешіт жамағаттары командасының үлесіне тиді.

Жүлделі орынға қол жеткізген спортшылар мақтау қағаздары, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, аудан мешітінің алаңында тігілген ақ шаңқан ақ боз үйдің төрінде әзірленген Құрбан айт дастарханынан айттап келген аудан тұрғындары астан дәм татты.

Автор: Өз тілшіміз