Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиРухани ЖаңғыруЖАҢА ӘЛІПБИ – ЖАҢА ДӘУІР БАСТАУЫ
7 Сентября 2018

ЖАҢА ӘЛІПБИ – ЖАҢА ДӘУІР БАСТАУЫ

Қазақстан ХХI ғасырда Еуразиялық кеңістікте аспан асты және күншығыс елдерімен қатарласа, Стратегиялық бағыттарын нақты белгілеп отырған – Ұлы дала елі. Бұл мәртебеге жету үшін тәуелсіздік жылдары аса зор күш-жігер жұмсалынғаны әрбір қазақстандықтың көз алдында.

Елбасы Н. Назарбаев, латын әліпбиіне көшу идеясын 2012 жылдың 14 желтоқсан күні «Қазақстан-2050» Стратегиясында баса айтып, 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек» деп шегеледі. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Тіл – ұлттың жаны. Тіл – біріктіру құралы. Жазу қарпі, яғни әліпби – халықтың дүниетанымын білдіретін айғақ дүние. Әліпби – білімге, ұлттың интеллектуалдық әлеуетіне, оның келешегіне әсер ететін маңызды фактор.

Жаңа жаһандану заманы жағдайында мемлекеттік тілдің әліпбиін өзгерту қазақстандық қоғамның рухани жаңғыруының шешуші құралы әрі нақты тарихи қажеттілік болып табылады. Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі деп есептеймін. Себебі, Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқын.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әліпбиін бекіту – заман талабы. Біз шекарамызды шегендеп алдық, рәміздерімізді бекіттік. Ал, Қазақ елінің ерекшелігін білдіретін төл нышаны, мемлекеттіліктің негізі – ана тілі. Латын қарпі негізіндегі, қазақ әліпбиі – басты құндылығымыз. Жаңа әліпби – әлемдік өркениет өрісіне апаратын тура жол.

Латын әліпбиіне көшу жұмыстары жер-жерде талқыланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда Байсерке ауылдық округінде де біршама жұмыстар атқарылуда. Ауыл тұрғындарымен «Латын әліпбиіне көшу барысының өзектілігі мен тиімділігі» тақырыбында кеңейтілген шара өткізілді. Халық қызу талқылап, өз ойларын ашық айтып, ел жаңаруына қатысты тілектерін білдірді. Бұл жаңалықты ауыл жастары да ерекше қабылдады. «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру бастауы» тақырыбындағы шеру жастардың құнды пікірлері және жалынды тілектерімен жалғасты. Ортақ ой, латын әліпбиіне көшу – қазақ xалқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосатынын, жемісі мен жеңісін әкелетінін танытты. Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатып, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашатынына көзіміз жетті.

Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы. Жаңа қаріптегі әліпби, Қазақстанды өркениет бағытына бұратынына сенімдімін.

Автор:  Л. ДАИРБЕКОВА, Байсерке ауылдық округ әкімі аппаратының ішкі саясат бойынша бас маманы