Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиРухани ЖаңғыруӘУЕНІМЕН ЕЛІТІП, ЕЛМЕН БІРГЕ ЖАСАСҚАН
21 Сентября 2018

ӘУЕНІМЕН ЕЛІТІП, ЕЛМЕН БІРГЕ ЖАСАСҚАН

Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі – ән өнері. Әсем әуенмен ән айту, халықты мойындату үлкен еңбекті талап етеді.

Біздің ауданымыздағы ән салуда да адамгершілік қасиетінде, танымал Ержан Исатаевты барлық қоғамдық шараларда кездестіресің. Өзінің сүйікті композиторлық, әнді әрлеп, елге жеткізуде көпшіліктің көңілінен ойып тұрып орын алған атпал азамат. Біз осы Ержан Болатұлы сынды ер-азаматтарымызбен мақтанамыз. «Өнер – ағып жатқан бұлақ», – деп халқымыз тегін айтпаған болар. Өнер бұлағындағы әсем сылдыр үнді жеткізе білген Ержан Исатаев, бүгінде елуге келді.

Ержан Исатаев ауданымыздағы үлгілі отбасы бар азаматтың бірі. Жан жары Гүлмира Байсалбековамен отбасын құрып, үш баланы өсірді. Үлкен ұлы – Біржан Астана қаласындағы Астана опера академиясында арт-менеджер мамандығын игеруде, қызы – Жанэль тұрмыста, ол да өнер биігінде қанат жаюда, кенже қыздары – Жанерке М.Мақатаев атындағы №13 орта мектепте оқиды.

Осыған орай «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында ауданымыздың мәдениет саласында өз еңбегімен ерекшеленіп, киелі Іле жерінде өнердің айдынында ән салып, елдің қошеметіне бөленіп жүрген. Бүгінде ердің жасы елуге толып отырған, Халықаралық «Мәдениет майталманы» төс белгісінің иегері Ержан Исатаевты «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов пен аудандық мәслихат хатшысы Р. Абилова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә. Исаев және бір топ өнердегі әріптестері арнайы құттықтап, естелік әңгімелерімен бөлісіп, туған күн иесін құттықтап, шапан жапты. Мерейлі жастың шашуы, аудандық кітапханада жалғасты. Онда Іле ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай ауданның мәдениет және өнер қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жас оқырмандарды жергілікті мәдениет және өнер саңлақтарының өмірі мен шығармашылықтары арқылы отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке, адалдыққа шақыру мақсатында «Әнім де, жырым да сен – Туған ел!» атты әдеби сазды кеш өтті. Кешке қызығы қатар өрбіген мәдениет саласындағы бұлбұл үнді Г. Ахметбаева, жергілікті Ақши театрының актері А.Есембеков сынды майталмандарымен бірге, Е. Исатаев та келіп өнер жолындағы қызықты жайлармен өз тыңдаушыларымен бөлісті.

Аудандық жиын-той, ашық сабақ, мәдени іс-шаралардың қай-қайсында болмасын Ержан Болатұлын көресіз. Киелі Іле жеріндегі алғашқы жұмысын Байсерке селолық Советтік «Қазақстанның 40 жылдығы» колхозындағы №2 Ынтымақ бөлімшесіндегі Мәдениет үйінің директорының қызметін атқарған. Ержан Исатаев 1968 жылы 9 қыркүйекте Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайлыма совхозында өнерлі отбасында дүниеге келген Ержан Болатұлы бала күнінен бастап әнге, өнерге ынталы боп өседі. Әкесі Болат ағамен Оңғар апамыздан тараған музыкаға деген махаббат өмір бойына жан жолдасына айналады. Әнге музыка жазады.

Содан бері ол өнер өлкесінде өрістеп, сахнадан әсте алыстамаған. Қазақтың қара домбырасы мен пианино аспаптарында қатар ойнайтын өнер иесі бүгінде аудандық «Іле толқыны» ансамблінде әншілік қызмет атқарумен қатар және №13 орта мектепте музыкадан шәкірттер тәрбиелеуде. Гастрольдік сапармен 2017 жылы аудандық өнерпаздармен бірге Түркияның Сахария қаласына барып, «Сарытауқұм» ән-би ансамблімен концерт қойып келген. Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Мәдениет жене спорт министрлігінен ар-найы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды. Ендеше, ел ағасы елуге келген Ержан ағамызға отбасына үлкен бақыт тілей отырып, әрқашанда өнердің биік белесінде биік самғасын дегіміз келеді.

Автор: Бағдат ЧОЙБАСОВ