Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиКультураАСЫЛ ҚАЗЫНАМ, ҚҰТ БЕРЕКЕМ
28 Сентября 2018

АСЫЛ ҚАЗЫНАМ, ҚҰТ БЕРЕКЕМ

Өмірге деген бағыт-бағдарын беріп, күрмеуі көп тіршілікті танып-білуіңе, өткен тарихыңды ақтарып беруге даяр тұратын қарттардың орны біз үшін бөлек. «Атасын сыйлаған абыройға бөленер» дейді дана қазақ. Сондықтан болар, үйдегі мінезге сіңісті тәрбие – ата-әжемізді ардақтау, олардың алдында кішірею. Үлкеннің қолына су құйғанда қарттардан «Үлкен азамат бол», «Өркенің өссін» деген құлаққа жағымды бата-тілек есту де бір ғанибет! Үйге кіргенде, әуелі төрде отырған қариямен амандасу оларға деген құрмет болса керек. Осы қазақ – аталы сөзді батадай көретін, қаны қызу, намысы биік халық. Әумесерін сабасына тез-ақ түсіретін тегеурінді ел. Сөздің құдіреті мен өлшеміне бас иіп, түйткіл уәждің түйінін шешетін сөз зергері қарияны, һәм қарттарды ұлық тұтатын қадірлі ұлт. Иә, қазақ жұртшылығының қанына сіңген асыл мінезі – үлкенді сыйлау, қадірлеу. Әсіресе, әулеттің үлкені, аузы дуалы, сөзі уәлі, һәм баталы болған қарияларды, даналықты бойына жиған, көреген, адал, жасында нағыз келін бола білген әжені ерекше қадір тұтқан. «Ата» дегенде елестейтіні басынан тастамайтын тақиясы, аузынан шыққан дуалы сөздері... ауыз толтырып айта берсең кете бересің. Қара шаңырақ асыл қазынасын жоғалтса, қаңырап қалары анық. Сондықтан қарттарымызды жоғалтпауға тырысайықшы, бар кезінде қадіріне жете білейікші! Бабалар даналығын араға талай ғасырлар салып, бүгінгі ұрпаққа нақыш бояуын солғындатпай жеткізетін қарттарымыз аман болсыншы! Сол асылдарымыздың қадір-қасиетін түсініп, бағалап көкірегімізге сақтайықшы!