Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиСпортSAGADATTYQTAR ЖАРАДЫ!
28 Сентября 2018

SAGADATTYQTAR ЖАРАДЫ!

Қырғызстан Республикасының Ош облысында джиу-джитсу (не-ваза) бойынша өткен халықаралық «Alau open» турнирі еліміздің палуандары есе қайтарып, қазақ спортшыларының мықты екенін кезекті рет дәлелдеді.

Аталған турнирге Ащыбұлақ ауылдық округіндегі «Sagadat batyr QTT» спорт клубынан 7 мен 17 жас аралығында 23, ал ересектерден 4 спортшы Қазақстан намысын қорғап барған болатын. Ерекше атап өтетін спортшының бірі – 11 жастағы Жібек Құлымбетова.

Талай спорт-шының жауырынын жер иіскеткен спортшы қыздың қоржы-нында – «Әлем чемпионы», Халықаралық турнирлердің жеңімпазы титулы бар. Бұл сайыста қырғыз, өзбек, тәжік спортшыларын тізе бүктіріп, алтын алқа қанжығалады. Осы турнирде Жібек Құлымбетова қырғыз, өзбек, тәжік спортшыларын ұтып қана қойған жоқ, ұл балалар арасында чемпион атанған қыз болды. 84 келіге дейінгі салмақта жеңіске жеткен Нұрсұлтан Орынбасаров аталмыш клубтың бапкері. Нұрсұлтан әртүрлі себепке байланыста спорттан біршама уақыт қол үзіп қалған болатын. Өзінің туған күнінде өзіне сыйлық жасаған спортсмен спортқа қайта оралғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, «Sagadat batyr QTT» клубының бапкері Самат Айтпанбет ел абыройын асқақтатып, команда қоржынына алтыннан алқа қосты.

Нұрсұлтан Орынбасаров жетекшілік ететін «Sagadat batyr QTT» спорт клубының қоржынында жалпы 25 медаль бар: оның 15 алтын, 5  күміс, 5 қола медаль.

Автор: Өз тілшіміз