Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиОбществоҰСТАЗ – МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ
5 Октября 2018

ҰСТАЗ – МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ

«Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі», – деген ақын, педагог, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаев. Ендеше, құрметті ұстаздар, білім беру саласының ардагерлері, Сіздерді төл мерекелеріңізбен шынжүректен құттықтаймын!

Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше, тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы – білімді адам. Тәуелсіздігіміздің туын тіккен күннен бастап, бір сәт те назардан шығармаған Елбасы Н. Назарбаевтың көреген саясатының нәтижесінде білім ордалары – мектептеріміз, қазіргі күнгі талаптарға сай жабдықталып, ерекше жетістіктерге жетіп отыр.

Құрметті ұстаздар, сіздер рухани дүниеміздің асқақтығын әрқашан туған халқының алдында паш етіп, елдің еңсесінің биік болуына, бірліктің іргесі сөгілмеуіне, ырыс пен ынтымақтың біріге түсуіне үнемі зор үлес қосып келесіздер.

Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шынжүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, жас ұрпақты тәрбиелеу жолында ізденімпаздық пен шығармашылықтарыңызға табысты еңбек тілеймін!

Автор: Б. ҚАРАСАЕВ, ауданәкімі, «НұрОтан» партиясы аудандық филиалының төрағасы