Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиОбщество«Ол әлі әлемдік бокс шаршы алыңынан көрінеді...», - дейді үздік бапкер Mark Burford
5 Октября 2018

«Ол әлі әлемдік бокс шаршы алыңынан көрінеді...», - дейді үздік бапкер Mark Burford

Еуропа еліне жолдама алған Мирас Ертановтың тәжірибе алмасу сабақтары аяқталды,- деп хабарлайды Алматы облысының өңірлік коммуникация қызметі.

ХVІІ ғасырда Англия мемлекетінен бастау алған бокс тарихы, бүгінде жастарға тигізетін оң әсері мол екені белгілі. Алматы облысында ұйымдастырылған «Патриот Қазақстан» спорттық-патриоттық шоуы да бокс арқылы жастар  арасындағы патриотиоттық сезімді ояту, жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жалпы қоғамға салауатты өмір салтын насихаттау болған.

Аталмыш спорттық- патриоттық шоуы 2017 жылдың 19 қараша мен 3 желтоқсан аралығында, 16 облыс спорт шеберлерінің арасында өткізілген. Бұл жарыста Мирас Ертанов үздік атанып Лондон қаласында өткен«Anthony Joshua vs Alexander Povetkin» кездесуін көріп қайтты.

«Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні«PATRIOT.KZ» спорттық-патриоттық реалити- шоуының жеңімпазы Мирас Науқановпен Еуропа еліне шыққан болатынбыз. Экономикасы қарыштап дамыған Лондон қаласы бізді өте жылы қарсы алып, әлем бойынша үлкендігімен екінші орын алатын споттық орталығымен таңқалдырды. Атышулы ауыр салмақтағы былғары қолғап шеберлерінің кездесуін тамашалап ерекше әсерде қолдық.Қазіргі уақытта Мирас Ертанов Ақтау қаласында өтіп жатқан республикалық бокс жарасына іріктеу кезеңінде өз шеберлігін сынауда», -деді шоу ұйымдастырушысы  Б.Науканов.

Тарихы 100 жылға жалғасқан «The Ring» спорттық кешенінің бас бапкері Мирас Ертановтың бокстағы шеберлігін жоғары бағалады.

         -«The Ring» бокс клубының бас бапкері Mark Burford біздің жеңімпазбен екі күн шамасында оқу жаттығу сабақтарын жүргізді. Ол Мирастың аяқ қозғалысының шапшаңдығы, соққысының ауырлығын жоғары бағалап, оның әлі талай әлемдік бокс шаршы алыңынан көріне алады»,- деді «Патриот Қазақстан» жобасының операторы Ризат Болысбекұлы.

         Айта кету керек, «PATRIOT.KZ» спорттық жобасы келесі жылыда жалғасын таппақ. 

https://www.youtube.com/watch?v=J36XWe41XH8

Автор: Региональная служба коммуникаций Алматинской области