Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиОбществоҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ САРАЛЫ ІЗДЕР
12 Октября 2018

ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ САРАЛЫ ІЗДЕР

Ауданымыздағы Междуреченск ауылдық округі ауданымыздың өркендеуі мен дамуына зор септігін тигізген ауылдың бірі. Ауданымыздың 90 жылдық мерекесіне орай Междуреченск ауылдық округіне барып, сол ауылда тұратын ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы ұлағатты ұстаз, ауылдың жанашыры Совет Жармағанбетов ақсақалмен сыр бөлісіп қайтқан едік. Ауданымыздың көркеюі мен өркендеп дамуында ұлағатты жандар мен еңбекқор адамдардың азаматтық парызды орындаудағы еңбегі ерен, қызметі ұшан-теңіз ғой.

Адамзат баласының меңгерген мамандық атаулысының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін, жақсылыққа баулыйтын мейірімді абзал жандар. Ауданның 90 жылдық тарихында халыққа білім беру ісінде іргелі үдерісімен көптің көңілінен шыққан, сондай құрметті мамандықты бойына сіңіріп, санаға сәуле құйған жандар ауданымызда да аз емес. Өзінің ұлағатты ұстаздық жолында саралы іс, саналы із қалдырған Совет Жармағанбетов туралы әңгіме бір басқа.

Совет аға ұстаздық ұлы жолы өзгелер үшін үлгі-өнеге. Ол 1947 жылы 6 маусымда Абыралы ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келді. Барлық қазақтың қарадомалақ еркелеріндей әжесі Мәкәрияның қолында өсіп тәрбиеленді. Әжесі Мәкәрия апай соғыс жылдарында Жарма ауданының Абыралы ауылын басқарған қайсар жан. Мәкәрия әжесі елге сыйлы, халыққа қамқор болған қайырымды кісі болған. Совет аға негізі өз отбасында он ағайынды. Ұстаздық жолды таңдаған осы өзі ғана. Қалғаны әр салада қызмет етеді.

Өз өмір жолы айтқанда: «Мен ең алғаш еңбек жолымды 1965 жылы Семей облысы, Жарма ауданы, «Красная знамя» ауылындағы орта мектепте тарих пәні мұғалімі болып бастағам. Семейде көп жерде ағарту саласы бойынша жұмыс жасадым. Ал, ауданымызға жаңа ғасыр бастау алғанда келдім. Маған Екпіндідегі №2 орта мектепті басқару бұйырған екен. Ол мектептің тамыры тереңде жатты.  Тәуелсіздіктен кейін тәй-тәй басып, қазақи тәрбиені енді бойына сіңіре бастаған кезі. Сондықтан да мен алғаш келгенде өзіме жүктелетін жүктің ауыр екенін сезіп, бар ынта-жігерімді алдыма келген мектеп ұжымы мен шәкірттерме аудардым. Білім берумен шектелмей мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға баулыдым. Тарих пәні маманы болғандықтан қазақ тарихының дамуы мен қолдану аясын кеңейту мақсатында аянбай еңбек еттім. Ата тәрбиесі мен болмысымызға дарыған ата тарихымыздың өрістеуін оқушыларыма барынша дәріптедім», – деді өмірден түйгені көп қарт ұстаз.

Совет аға 10 жыл бойы ауданымыздағы Жетіген, «Водник» ықшам ауданы, осы Ақсай ауылдық округтеріндегі үш мектепте басшылық қызметін атқарды. 2011 жылы зейнеткерлікке шықты. Қазір жан жолдасы Ғалия Жедбаева апамызбен бірге Междуреченск ауылдық округіндегі жаңа құрылыс ауылында тұрады. Елу жыл бірге отбасын құрған Ғалия анамызға айтар алғысы көп.

Ғалия анамыз: «Мен балаларымның асқар таудай әкесі болған Совет үшін мақтанамын. Екеумізден өрбіген ұл-қыздарымыз барлығы да ата-анасын ақтаған, үмітін жалғаған жандар. Ұлымыз Бейбіт жеке кәсіпкер, қызым Меруерт доцент, «Қазақстанның Құрметті теміржолшысы» медалінің иегері. Екеуі де отбасылы, бала тәрбиелеуде. Құдайға шүкір бәрі де ел қатарлы еңбек етуде», –  дейді.

Қырық төрт жыл жұмыс өтілі бар Совет ағаның бала күнгі арманы ол ұстаз болу еді.

Иә, ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. Қырық жылдың ішінде сан ұрпаққа сансыз жақсылық жасап, білім бесігінде тербеткен құрметті жанның ерен еңбегі ерекше.

Совет аға: «Білімді құрметтемеген, ұстазын қадір тұтпаған шәкірттің ғылымда нәтижеге қол жеткізе алмайтындығы, қол жеткізсе де, тиісінше кәдеге асыра алмайтындығы қасиетті Құранда да керемет жазылған. Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім. Сондықтан, бүгінгі жастар әрдайым да бес әріпін үйреткен ұстаздарын ұлықтап, ұмытпауы керек деп ойлаймын. Осы ретте  қырық жылдан астам уақыт бойы ауданның 90 жылдығы мерейтой аясында көптеген адамға рақмет айтамын. Олар аудандық ардагерлер төрағасы Ә.Исаев, «Нұр Отан» аудандық партиясы филиалының бірінші орынбасары Е. Тұрымбетовке, Ж.Баймұханов, ауданымыздың құрметті азаматы, аяулы ұстаз Ғ. Нәдірбекова, Күрті ауылдық округінің әкімі Д. Өгізбаев, Междуреченск аулдық округінің әкімі С.Әбдібеков, Т. Хамитұлы, О. Атамбаев, Б.Байбосынова, Қ. Базарбаев сынды асыл азаматтарға рақмет айтамын. Шынайы достар дейді.

«Шәкіртсіз ұстаз – тұл демекші» Совет ағайдың да қырық жылдың ұстаздық жолында көптеген шәкірттері үлкен өмірге қадам басып, қазір елдің дамуына үлес қосуда. Совет ағаның азаматтық, әкелік жүрегімен еңбекке деген адалдығы өмірдің белестерін бағындыруға, түрлі атақ абыройларды алуға абройлы жеткізе білді. Қырық тоғыз жыл ішінде түрлі марапаттарды қанжығасына тақты. Оларды тізбектеп жатудың өзін Совет аға қаламады, адал қызметтің айқын жемісі деп білген абзал азамат қарапайымдылықты алға тартады.

Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі осы Совет ағай сынды көргені көп, білгені маржан мұғалімдер. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенеді. Елбасы Н. Назарбаев бір сөзінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр», – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу жүректің батырлығы деп бағалауға болады», –  дейді Совет Жармағанбетов.

Биыл ауданымыздың 90 жылдығы аясында Совет аға сықылды елге еңбегі сіңген ұстаздар жетіп артылады. Солар жайында әлі талай тарихтың парағы жазылатыны сөзсіз.

Совет аға туралы замандасы, қазіргі әріптесі Чапай ауылдық округінің ақсқалдар кеңесінің төрағасы О. Атамбаев: «Адамзат баласы жер бетіне жаралғаннан бастап ілім іздеп, оқу оқумен қатар жер жаһанның құпия сырлырын ашумен келеді. Талмай еңбек етумен ізденістің арқасында өзіне де, өзге де дүниенің құпиясын ашып көрсетпек. Таңнан қара кешке дейін мектеп партасымен бірге барлық өмірін бала тәрбиесіне арнап сапалы білім берумен қатар өмірге дұрыс бағыт-бағдар бере білетін жан. Совет Жармағанбетов әріптесімнің еңбекке деген құлшынысы мен үшін өзгеше. Дүниеде көптеген мамандық иесі бар десек, солардың ең қиыны ұрпақ тәрбиесіне тікелей қатысты, сол ұрпақтың ертең қандай адамзат болып өсуіне ұстаздың тікелей қатысы бар дегім келеді. Сан мың шәкіртті өз баласындай қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген Совет әріптесімнің дала дарындылығы өзгелер үшін өнеге деп білемін», – дейді.

Совет аға туралы қаншама рет айта да, жаза да берсек таусылмақ емес. Оның ішінде бір жүрегінің бұрышымен отбасының ошақ қасын ойлаған, бір қолымен балаға тәрбие беріп, білім нәрімен сусындатқан Совет аға туралы әлі талай ойлар айтылар, сөздер жазылар. Бүгінгі мақала біздің ұстаз алдындағы бір борышымыздың тамшыдай болса да өтелгені деп білемін.

Автор: Бағдат ЧОЙБАСОВ