Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиІле таңы«1 наурыз-Нұр Отан партиясының 20 жылдығы» мерейтойына арналған салтанатты жиын
4 Марта 2019

«1 наурыз-Нұр Отан партиясының 20 жылдығы» мерейтойына арналған салтанатты жиын

       2019 жылғы 1 наурыз күні сағат 10:00де Өтеген батыр ауылы,  аудан әкімдігінің мәжіліс залында «1 наурыз-Нұр Отан партиясының 20 жылдығы» мерейтойына арналған салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға қатысушыларды  «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі

Б. Қарасаев сөз сөйлеп, ауданда атқарылған партиялық-қоғамдық іс-шаралар, аудан экономикасының өркендеуі,  Елбасымыз, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың  «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде халықтың әл-ауқатын жақсарту  бойынша алға қойған мақсат-міндеттеріне тоқталды және  мерейлі мерекемен құттықтады. Сондай-ақ партия ардагері, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Нәдірбекова Ғалия Нәдірбекқызы, «Жас Отан»ЖҚ жетекшісі Ғ.Дауталиев сөз сөйлеп, аналар, жастар атынан мерейлі мерекемен құттықтады.  «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы Б.Қарасаев салтанатты түрде  партия қатарына жаңадан қабылданған партия мүшелеріне партия билетін тапсырды. Сонымен қатар, «Нұр Отан»партиясының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Елбасы, партия Төрағасы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының саясатын насихаттап, елдің әл-ауқатын арттыруға, партияның қалыптасу жолында  жұмыс атқарып, Отанымыздың өркендеуіне үлес қосып жүрген бірқатар партия белсенділерін Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаевтың Алғыс хатымен, Іле аудандық партия филиалының төрағасы Б. Қарасаевтың Алғыс хатымен марапаттап, гүл шоқтары тапсырылды.

 Жиын соңы  «Нұр Отан партиясының 20 жылдығына»  арналған  аудан көркемөнерпаздарының  ән шашуына ұласты.