Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиИле таныАРДАҚТЫ ӘЖЕЛЕР, ҚҰРМЕТТІ АНАЛАР, ӘПКЕ, ҚАРЫНДАСТАР!
7 Марта 2019

АРДАҚТЫ ӘЖЕЛЕР, ҚҰРМЕТТІ АНАЛАР, ӘПКЕ, ҚАРЫНДАСТАР!

Сіздерді құс қанатымен келіп, көктем шуағына бөлеген 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналар мерекесі өмірге нәр мен шуақ беретін, әр отбасына көтеріңкі көңіл мен үміт ұялатып, бақыт пен қуаныш сыйлайтын айрықша күн. Ал, әйел-аналар қандай қиындық болса да, қайыспай жеңе білетін табандылықтың, мейірім мен ізгіліктің, сұлулық пен адалдықтың, нәзіктік пен қайсарлықтың символы. Тәуелсіз елімізде оның ішінде біздің ауданымызда әйел-аналардың, қырмызы қыздарымыздың күш-жігері мен атқарылмайтын жұмыстар кемде-кем. Әйелдер аудандық және ауылдық әкімдіктерде, мәслихатта, білім, денсаулық, байланыс, халыққа қызмет көрсету, мәдениет, зейнетақы, құқық қорғау, қаржы және экономика, басқа да маңызды орындарда өздеріне тән табандылықпен еңбек етіп, аудан экономикасын дамытуға елеулі үлестерін қосуда. Сондықтан Елбасымыз айтқандай: «Ер – елдің иесі, әйел – үйдің киесі, Әйел – отбасы тірегі, демек, мемлекеттің де тірегі. Біз бұдан кейін де елімізде әйелдердің ролінің арта түсуіне барлық жағдайды жасайтын боламыз» – деп, әйел-аналарға ұрпақ өсіруге, алаңсыз еңбек етуге барлық жағдай жасалуына айрықша назар аударып отыр. Ортақ мерекеде Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!

Еңбастысы қай жерде жұмыс жасасаңыздар да Сіздер сол ортаға жылылық пен жайлылықты, сенімділік пен жауапкершілікті, әдемілікті бірге ала келесіздер. Қадірлі де сүйікті аналар мен арулар, Сіздерге мықты денсаулық, жұмыстарыңызға шабыт, отбасыларыңызға береке мен отбасы жылуын тілеймін. Сіздерді тек мереке күндері ғана емес ғұмырларыңыздың бар кезеңінде қуаныш, жақсылық және сүйіспеншілік лебі аяласын!

Автор: Б. ҚАРАСАЕВ, ауданәкімі, «НұрОтан» партиясыаудандықфилиалыныңтөрағасы